12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бекболат Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан коронавирус анықталды

    Бекболат Тілеуханның қанынан коронавирус 10 күн бұрын табылған, деп хабарлайы Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Үй карантинінде жатқан депутаттың денсаулығы күрт нашарлаған соң аурухана жатқызылыпты. Телеарна журналистері ем-дом алып жатқан мәжілісменге қоңырау шалған.

    «Сөйлесуге шамам жоқ, айналайын. Дәрігерлер жауап берсін. Бәрі жақсы. Рақмет, жаным. Ауырып жатырмын», – деп жауап қатқан депутаты.

    Енді депутаттың жанында жүрген көмекшілері мен отбасы мүшелері жаппай тест тапсыруға көшкен. Қазірдің өзінде Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан вирус анықталған көрінеді. Ал Мәжіліс үйіндегілер алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

    «Қазір Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирустық инфекция анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдауда. Мәжіліс депутаты осыған дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ»,- деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    “Қыздары да бәленің бәрін біліп отыр…”- 13 жастағы қыз туған ағасынан жүкті болып қалды

    Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кетті

    Фариза

    Ауылдарды қалаға қосу кезінде кәсіпкерлер зардап шекпеуі тиіс – депутат

    Пікір қалдыру

    1 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.