Қызылорда облысы аумағындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 3397 км құрайды. Оның 1016 шақырым республикалық, 557 шақырым облыстық және 1824 шақырым аудандық маңызы бар жолдар. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов мәлімдеді.
– Қызылорда облысында салынатын және жөндеуден өткізілетін жолдарға байланысты облыстық және республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 488 км автомобиль жолдары мен көшелер және 11 көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Яғни автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері және көпірлер жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, еліміздегі төтенше жағдай барысында қабылданған шешімге байланысты азаматтарды жұмыспен қамту және 231 км жолдарды, көшелерді мен көпірлерді жөндеу үшін республикалық және облыстық, аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Атап айтқанда республикалық бюджет, оның ішінде 50/50 паритеті бойынша 23 жоба, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы 1 жоба, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы 44 жоба, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» 1752 адам жұмыспен қамтылады. Облыстық бюджет, оның ішінде 50/50 паритеті бойынша 40 жоба, жолдар мен көшелер және көпірлерді жөндеу. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» 887 адамды жұмыспен қамтылады. Аудандық (қалалық) автомобиль жолдары мен көшелері және көпірлерін жөндеу үшін де бюджеттен қаржы бөлінді. Яғни кент, елді мекендердің көшелері жөнделеді, – деді сала басшысы.
Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда биыл облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының индикаторлық көрсеткішін 69 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылы 65%-і құраған.