-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 9 жаңа спорт нысаны салынады

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында облыстың спорт саласында 22 жоба бар. Оның 9-ы жаңа құрылыс жұмыстары. Бұл туралы облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.

    – Аталған 9 жоба аясында Қызылорда қаласында байдарка және каноэ есу базасы салынды. Бұл спорт түрі соңғы 4-5 жыл көлемінде қарқынды дамуда. Облысымыздан шыққан 12 спортшы ҚР Ұлттық құрамасына енген. Сондай-ақ, қала және аудандарда 8 стритбол алаңдары салынады. Бұл халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін арттыруға және спортты дамытуға септігін тигізеді, – деді Жақсылық Әбдімәлікұлы.

    Сонымен қатар, облыс көлемінде біршама спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, жеңімпаздар анықталды. Бүгінде құрылыс және жөндеу жұмыстары басталып кетті. Осы орайда 180-ге жуық жұмыссыз тұрғын жұмыспен қамтылады.

    қатысты посттар

    «Суицидке итермелейді» Ғалымдар күнделікті қолданатын сусынның өлімге әкелетінін айтты

    Сыр елінде 6 ескерткішке археологиялық зерттеу жүргізілуде

    Фариза

    COVID-19: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.