-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте госпитальдің құрылысы аяқталды

    Бүгінгі күні коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайларының өсуі
    жалғасуда және оған қарсы күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
    Сондай-ақ Шымкент қаласының аумағында басқа да аса қауіпті
    инфекциялардың таралу қаупі сақталуда. Мемлекет басшысының
    тапсырмасына сәйкес қалада коронавирустық инфекцияны төмендету
    бойынша шараларды күшейту үшін модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің
    құрылысы аяқталды.

    Госпиталь Қаратау ауданының «Ақжайық» шағын ауданында орналасқан.
    Ғимарат 20 төсектік реанимация бөлімшесі бар 200 төсек-орынға арналған
    бір қабатты, модульдік үлгі бойынша салынды. Бас мердігер — «BI Industrial»
    ЖШС. Бұл госпиталь қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып
    табылады және коронавирустық инфекцияға күдікті барлық пациенттерді
    қабылдайтын болады.

    Ғимараттың жалпы ауданы 6353 м2 құрайды. Стационарда барлығы 300-ден астам білікті медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді. Инфекциялық госпиталь қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған: компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты, 20 ИВЛ аппараты бар. Инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі-пациенттерге білікті
    медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының болуы.

    Реанимациялық залдар «open space» қағидаты бойынша ашылған, бұл медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауға жеңілдетеді. Госпитальде барлығы 160 жұқпалы төсек, 20 боксталған палата, 20 реанимациялық төсек бар. Стационарды жобалау кезінде ғимараттың ішінде эпидемиологиялық режимді сақтауға көп көңіл бөлінді.

    қатысты посттар

    Қызылордада онкологиялық орталық салынады

    Фариза

    Қызылордада 602 көп балалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген

    Фариза

    Көпбалалы аналар да кәсібін дөңгелете алады

    Пікір қалдыру

    nine − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.