-0.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Сексуалды» сөзінен қашып, проблеманы шеше алмаймыз – Біртанов

    Сенат депутаты Сәуле Айтпаева Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан Денсаулық кодексінде балалар мен жастардың арасында репродуктивті білім (жыныстық қабілет) мен репродуктивті мәдениетті дамытуға байланысты қандай шаралар қаралатыны туралы сұрады. Медициналық ЖОО-ларда осы салаға қатысты мамандар даярлау мәселесін көтеріп, репродуктивистика кафедрасының керек екенін алға тартты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «2004 жылы Қазақстан ТМД елдері ішінде алғаш болып репродуктивтілік мәселелер туралы заң қабылдаған. Ендігі жерде репродуктивті білімге мамандану өзекті ме? Ол жас медицина мамандары үшін тиімді құрал бола ала ма? Репродуктивті қызмет саласы біліктілігіне балаларға деген махаббат, жүйкеге жүк түсетін жағдайларда жұмыс істеу, баланың эмоциясын түсіне алу қабілеттеріне де мән беру керек шығар. Біз сонда ғана ұлтты құтқара аламыз», — деді ол.

    Денсаулық сақтау министрі жыныстық қабілет мәселесінде тек медицинаның емес, сексуалдық тәрбиенің маңызы зор екенін айтты.

    «Біз еліміздегі репродуктивтілік мәселесіне сараптама жасадық. Өкінішке қарай, жастар мен кәмелетке толмағандар арасында жыныстық жолмен берілетін аурудың көбейгенін және жоспарланбаған жүктілік әсерінен жасалған аборт санының артқанын байқадық. Репродуктивті денсаулық ұғымы денсаулық түсінігі секілді өз алдына ауқымды дүние. Физикалық қана емес, эмоционалдық түсінікті де біріктіреді. Репродуктивтіліктің жақсаруына қатысты жұмысты тек денсаулық сақтау саласынан күту дұрыс емес. Біріншіден, бұл тәрбие жұмысы. Кодексте балалардың өз репродуктивті қабілетіне қатысты ақпарат алуына құқы бар екенін ашып жаздық. Себебі, қателік білімсіздік пен қоғамда және отбасында жеткіліксіз түсіндірме жұмысының жүргізілуінен болады. Скрининг немесе ем емес, адамның өзін ұстауына көп дүние байланысты. Кодекс сондықтан бұл проблеманы салааралық шаруа ретінде қарастырады», — деді Е. Біртанов.

    Министр жыныстық қабілет туралы ашық әңгіменің болмауы жағдайды күрделендіретінін түсіндіргісі келді.

    «Әзірге арнайы кафедра жоқ. Бірақ ол керек. Сондықтан саладағы медициналық кадрларды даярлауды күшейтеміз. Сонымен бірге педагогтерді дайындау да маңызды. Себебі, біз «сексуалды» сөзінен қашқанмен, проблеманы шеше алмаймыз», — деді министр.

    Айта кетейік, Сенат Денсаулық кодексін бірінші оқылымда мақұлдады.

    қатысты посттар

    Тоқаев: «Қалаулым», «Қалауым сен» бағдарламалары халқымыздың менталитетіне сай келмейді, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы

    Фариза

    «Жармахан Тұяқбаев елден жария түрде кешірім сұрауы керек…» — Тұрсын Жұртбай

    Тоқаев: Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.