Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ — министр

    Сардоба су қоймасының құрылысы туралы сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «Халықаралық келісімге сәйкес, Сардоба су қоймасы құрылысын бастамастан бұрын Өзбекстан Қазақстанмен алдын ала кеңесуі керек болған, бірақ олар мұны елемеген» деген ақпарат қаншалықты рас?

    Бұл сұраққа жауап берген Экология министрі су қоймасының проблемасы тек Өзбекстанның ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның да экономикасы мен өміріне қатты әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар қатар ол екінші тараптың оны салу кезінде Қазақстанмен ақылдаспағанын айтты.

    Қазір өзбек тарапы су қоймасы мәселесі бірлесіп шешім қабылдауға келісіп отыр. Халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, техникалық аудит жүргізіледі. Мен бұл сұраққа жауап бере отырып, өкінішке орай, Сардобаны салу мәселесінде бізбен ешқандай келісім жүргізілмегенін айтамын, — деп атап өтті Мырзағалиев.

    Айта кетейік, 1 мамырда Сырдария облысында бірнеше жыл бұрын салынған Сардоба су қоймасы жарылды.

    қатысты посттар

    «Басшылық арыз жаз деді» Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

    Фариза

    «Кез келген жолмен байыңдар – ұрлаңдар, зорлаңдар, алдаңдар!»

    Фариза

    «Үкімді естуге сотқа әкелінбек» Айсұлтан Назарбаевтың ісі туралы жаңа дерек шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.