8 C
Алматы
Жұма, 26 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ – министр

    Сардоба су қоймасының құрылысы туралы сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    “Халықаралық келісімге сәйкес, Сардоба су қоймасы құрылысын бастамастан бұрын Өзбекстан Қазақстанмен алдын ала кеңесуі керек болған, бірақ олар мұны елемеген” деген ақпарат қаншалықты рас?

    Бұл сұраққа жауап берген Экология министрі су қоймасының проблемасы тек Өзбекстанның ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның да экономикасы мен өміріне қатты әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар қатар ол екінші тараптың оны салу кезінде Қазақстанмен ақылдаспағанын айтты.

    Қазір өзбек тарапы су қоймасы мәселесі бірлесіп шешім қабылдауға келісіп отыр. Халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, техникалық аудит жүргізіледі. Мен бұл сұраққа жауап бере отырып, өкінішке орай, Сардобаны салу мәселесінде бізбен ешқандай келісім жүргізілмегенін айтамын, – деп атап өтті Мырзағалиев.

    Айта кетейік, 1 мамырда Сырдария облысында бірнеше жыл бұрын салынған Сардоба су қоймасы жарылды.

    қатысты посттар

    “Мемлекеттік мектепке баратын балалар жертөледе оқуға мәжбүр болған” Суханбердиеваның ісіне қатысты қосымша деректер шықты

    Фариза

    Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасына байланысты Елбасы мен Дариға Назарбаевадан жауап алуға шақырды

    Фариза

    Назарбаевқа бюджеттен 330 миллион теңге бөлінбек

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.