-4.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада мұғалімдердің дұрыс есептелмеген жалақылары өндіріліп берілді

    Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төтенше жағдай уақытында әлеуметтік әріптестермен еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуына бақылауды күшейтті.

    Білім қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық-диалог, ашықтық, еңбекшілердің мұң-мұқтажына жедел назар аудару қызметіне басымдық беріп, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік әріптестерімен бірігіп, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуына бақылауды күшейтті. Білім қызметкерлерінің көптеген мәселелері шешіліп, мониторинг жасалды. Кәсіподақтың құқықтық қызмет жөніндегі мамандарымен ағымдағы жылдың 15 наурыз-20 мамыр аралығында 310 кәсіподақ мүшесіне қашықтықтан құқықтық кеңес берілді. Жазбаша түрде электронды почтаға 11 өтініш келіп түсті және телефон, Facebook, Telegram, Мессенджер, WhatsApp арқылы ауызша 270 өтініш қабылданды. Барлық өтініштерге дер кезінде нақты заңға сәйкес жауаптары беріліп отырды.

    Кәсіподақ мүшелерінен түскен сұрақтардың басым бөлігі бос тұрып қалу жағдайында жалақының төленуі, ақылы еңбек демалысының берілу тәртібі және есептелінуі, «Мұғалім мәртебесі туралы» заңы бойынша магистранттарға қосымша ақы төлеу туралы болды.

    Арал ауданындағы 3 балабақшада педагог қызметкерлердің қаңтар айынан бастап көбейтілген 25% жалақының қосылмағаны анықталып, жедел түрде кәсіподақ мүшелеріне тиесілі қаражат қайта есептелініп, нәтижесінде 2 172 389 теңге қаржы өндіріліп берілді.

    Заң бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы ағымдағы жылдың қаңтар айынан тәрбиешілерге 56 күн тиесілі екені ескертіліп, жұмыскерлердің келісімімен ақылы еңбек демалысына шықты.

    Бастапқы әскери дайындық және технология пәндері мұғалімдерінің лауазымдық жалақысын есептеу туралы өзекті мәселелер өз шешімін тапты.

    Орта білім беру ұйымдарының магистрларына осы кезге дейін қосымша ақы төленбегені анықталып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңының 8 бабының 5-тармағына сәйкес 39 магистрантқа қаңтар, ақпан және наурыз айларына – 1 033 890 теңге өндіріліп берілді.

    Облысымыздағы бірқатар мекемелердегі жүктілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық кезеңіндегі мұғалімнің оқу жүктемесін алмастыру сағаттарының төленуі мәселелері шешімін тапты.

    Облыстық кәсіподақтар комитеті Шиелі ауданындағы аудандық балалар әуез мектебінің 16 мұғалімінен қысқартылған сағаттарын қайта қостырып, есептеп, барлығы – 747000 (жеті жүз қырық жеті мың) теңгенің төленуіне қол жеткізді.

    Алдағы уақытта бұл жұмыстардың барлығы қарқынды түрде жалғаса береді. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау әрқашан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің назарында.

    қатысты посттар

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда

    Фариза

    Қызылорда облысының балық өнімдері 7 мемлекетке экспортталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.