-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Медицина қызметкерлерінің еңбекақысына 1,5 миллиард теңгеден астам үстемеақы бөлінді

    «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір – тамыз айларында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге өңірге 291,7 млн. теңге бөлінді.

    Сондай-ақ, осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1 555,4 млн. теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд. теңге бөлінді.

    Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.

    Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).

    Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.

    Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.

    қатысты посттар

    Қызылордада 548 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды

    Фариза

    Қызылордада орман алқабын қорғау мақсатында жол картасы әзірленді

    Фариза

    Толпу после смягчения карантина сняли на видео в одном из ТРЦ Алматы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.