14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қорғаныс министрлігі қазақ компаниясының жерін тартып алмақ

    Алматыдағы логистикалық компанияда қызмет атқаратын мыңнан астам адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Өйткені, сот мекеменің орналасқан жері қорғаныс министрлігіне тиесілі деп шешім шығарған, деп хабарлайды Qazweek.kz  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Вакцинадан бастап, тез бұзылатын азық-түлікке дейін сақтайтын қойманың ендігі тағдыры не болмақ? Министрлік не үшін жер дауына араласты?

    2015 жылы ашылған логистикалық компания осы уақытқа дейін 15 гектар жерге иелік етіп келген. Ішінде 45 мың шаршы метрге арналған үш режимді температураны сақтайтын қоймалары да бар екен. Ауыр жүк көліктеріне арналған тұрақ та жетерлік. Қазіргі уақытта вакцинадан бастап, жылдам бұзылатын тағамдарға дейін осында сақталады, дейді компания басшысы. Тек Алматы қаласында ғана емес, Орталық Азиядағы ең үлкен мекемелердің бірі енді сүрілудің аз-ақ алдында тұр.

    Әсел Сергенова, “Almaty Contract Logistic” ЖШС компаниясының директоры:

    1940 жылы шыққан құжатқа сүйеніп, қорғаныс министрлігі бізден жер телімін тартып алмақшы. Бірақ, біз өз жұмысымызды ашып, бастағаннан кейін мұндай дауға қалып отырмыз. Сонымен қатар, нақты сызып көрсетілмеген де.

    Логистикалық компания 2007 жылы әкімдіктің бөлген 4 жарым миллиард теңгеге құрылысты бастапты. Жұмысты жолға қойып, енді іске кіріскенде тосын жағдайға тап болдық, дейді. Ал, соттың мұндай шешіміне ішіндегі жұмысшылар да наразы. Қазір екі қолға бір күректің оңай табылмайтындығын алға тартқандар, осы жерден жан бағып отырғандарын жеткізді.

    Майгүл Диқанбаева, тазалықшы:

    Енді мұны алып тастаса біздің күніміз не болады? Біз қалай күн көреміз. Қалай жан бағамыз. Осы компания арқылы біз деген бала-шағамызды бағып отырмыз ғой. Бізді ешқандай жұмысқа алмайды ғой. Жұмыс жоқ өзі қазір өздеріңіз білесіздер.

    Ал, қорғаныс министрлігі бұл – адамдардың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған шара екендігін алға тартты. Маңында басқа да әскери нысандар бар. Жер учаскесі 1940 жылы әскери бөлімді орналастыру үшін берілген екен. Кейіннен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарынан соң осындай дау тудырыпты. Енді сот шешімінен кейін заңды иесі қорғаныс министрлігі болып танылған, дейді.

    Әлжан Ахматуллин, ҚР Қорғаныс министрлігі, заң департаментінің бөлім бастығы:

    Қорғаныс министрлігі аталған жер телімінің заңды иесі болып табылады. 7 шілдеде Алматы қалалық соты жауап берушілерді үш ай мерзімде жерді босатуды және құрылысты бұзуды міндеттеп, нақты шешімін шығарды. Біз бүгін қиын жағдайда бизнес пен қызметкерлерді қолдау өте маңызды екенін түсінеміз. Бірақ, елдің қорғанысын коммерциялық мүдделерге құрбан етуге болмайды.

    Негізінен әскери обьектілердің жанында немесе жақын орналасқан ғимараттардың да қауіпке толы екендігін атап өтті. Арыстағы жарылыс пен, Бек-Эйр ұшағының қайғылы жағдайын еске түсірген қорғаныс министрлігі өкілі ең бірінші қауіпсіздікті басты негізге алатындығын жеткізді. Ал, мыңдаған адамға жұмыс беріп отырған логистикалық компания мен қорғаныс министрлігінің арасындағы мәселенің шешімі енді аппеляция жауабынан кейін белгілі болмақ. Осы мәселеге қатысты қалалық әкімшіліктен де жауап күтеміз.

    қатысты посттар

    “300 мың доллар!” Ғабидолла Абдрахимов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

    Қызылорданың «Сыр жиһазы» өнімі ішкі нарықты дамытуда

    Фариза

    Қарлығаш Әбдірахманова: Елорда – егемен елдің жүрегі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.