Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

    Қызылорда облысындағы 146 ауылдық округ дербес бюджетке өтті. Яғни, елді мекен тұрғындарына енді ұсақ-түйек шаруалармен қала, аудан әкімдеріне барып ақша сұрап, алақан жаюдың қажеті жоқ.

    Абаттандыру мен көгалдандыру, сумен қамту, жол салу, көшелерді жарықтандыру және дезинфекциялау сияқты 19 бағыт бойынша тірлікті ауыл әкімдері енді өздері тындыруы тиіс. Өңірдің нақтыланған бюджеті 330 миллиард теңгенің үстінде болса, соның 26 миллиарды ауылдарға беріледі. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша аймақта 21 жоба жүзеге асырылады. Оған бөлек тағы 3 миллиардтай теңге жұмсалады.

    Қаладан жырақ қоныстанған ағайынның тұрмысын жақсартуға бөлінген қыруар қаржы мақсатты жұмсалса игі. Осы ретте «Антикор» орталығының мамандары әр теңгенің сұрауы болатынын айтады. Жергілікті атқарушы органдар биыл 4 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу жоспарлаған. Шығыс-кіріс, тапсырыс пен орындалу құжаттарын қайта-қайта шотқа салып санау нәтижесінде бір жарым миллиард теңге үнемделіп отыр.

    – Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларындағы қаражат көлемі біршама ұлғайған. Облыс көлеміндегі 100-ге жуық жоба бойынша қаражат жұмсалуына күнделікті бақылау жасайтын боламыз. Жалпы, өткен жылдармен салыстырғанда саладағы құқықбұзушылықтардың елеулі азайғанын көреміз, – деді СЖҚІҚД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.

    қатысты посттар

    2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

    Фариза

    Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен кетті

    Фариза

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.