-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласының аумағында 22 маусымға дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды

    Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 7 маусым  аралығында COVID-19  1176 жағдайы тіркелді. Соның ішінде (967-і симптомдарымен, 209- симптомсыз ). сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 111,5 құрады.

    1176 жағдайдың 22-і сырттан келіп тіркелген (13-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 1-і жолаушы, Польшадан ұшып келген, 8-і Ресей Федерациясынан келген, оның ішінде 7-і адам жұмыс істеп жүргендер және 1 студент), 520 – жергілікті тұрғындар, 684-қарым-қатынаста болғандар.

    Барлығы 4721 қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды, бүгінгі күні – 2976карантиннен алынды.

    Стационардан емделіп шыққандар – 420, қайтыс болғандар — 10, оның ішінде 1- Түркістан облысының тұрғыны, стационарлық ем қабылдап жатқандар саны — 746.

    2020 жылдың 7 маусымға 103 жағдай тіркелді, соның 25-і симптомдарымен,78-і симптомсыз , өсу көрсеткіші 9,5 % кұрады.

    2020 жылдың 7 маусымындада Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың Шымкент қаласында өсуіне байланысты, өңірлік комиссияның шешімімен қаулысы шықты.

    Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Халық арасында COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында келесі карантиндік талаптарды орындау қажет:

     қоғамдық орындарында, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерінде және қызметі рұқсат етілген нысандарына бетперделерді кию, қызмет көрсету кезінде қолғаптарды киіп жүру антисептиктерді қолдану және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша талаптар қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсету нысандары қосымша өз қызметкерлерін біррет қолданатын қолғаптармен және қажеттілігіне сәйкес ауыстыру қамтамасыз етуді;

    —    аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектеуді;

      меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары, персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарын және шектеу шараларын сақтауға қатаң бақылау қамтамасыз етуді;

    —   қоғамдық автокөліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмеуді;

    —   қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етуді;

    қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбауды;

    қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтуді;

    —  Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық — түлік, азық — түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеуді;

    қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітуді;

    кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтуді;

    сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардыңжұмысын бастауға жол берілмеуді.

    —  денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етуді;

    нысандарда және оларға қарасты аумақтарында адамдардың шоғырлануына жол берілмеуді.

    шомылу, демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды;

    —    көпшілік іс-шараларды жеке үйлерде және басқада орындарда (жалға алынған орындар, алаңдар, аулалар және т.б.) өткізілуіне жол бермеу шараларын қабылдауды;

           Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, ұлттық компаниялар және кеңселердің басшыларына 50% кем емес қызметкерлерді (штат бойынша 30 қызметкерден көп болғанда) қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне өткізді Қаулыда атап өтті.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандарды аралады

    Фариза

    Шымкент: Дәріханалардағы 61 дәрілік заттар атауына мониторинг жүргізілді

    Фариза

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Шығыс Қазақстан облысына іс-сапармен барды

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.