-16.1 C
Алматы
Пятница, 24 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сексеуіл кентінде 300 орындық мектеп салынады

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына сапары барысында Сексеуіл кентіндегі жаңа 300 орындық мектеп салынатын аумаққа барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Сексеуіл кентінде қазіргі таңда 15 мыңға жуық халық тұрады. Кенттің орталығынан үлкен темір жол торабы өтеді. Сексеуілдегі 3 мектеп темір жолдың бір бетінде орналасқандықтан екінші бетінде тұратын 360 оқушы шойын жолдан өтуге мәжбүр.

    Бұл мәселені шешу үшін жаңа білім ұясын салуға тиісті құжаттар әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне тапсырылып, қолдау тапты. Енді мамыр айында білім ошағының құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

    Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, нысанды межеленген уақытында пайдалануға беруді тапсырды.

    – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сексеуіл стансасындағы мектепке жету үшін темір жолдардан өтуге мәжбүр балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл – өзекті мәселе. Сол себепті Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында, оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржысы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет», – деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Қызылордада еріктілер полицейлерге көмек көрсетіп жатыр

    Фариза

    «Адам жасап сататын фабрикадан» 19 әйел құтқарылды

    Пікір қалдыру

    12 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.