-13.1 C
Алматы
Пятница, 24 января 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда баспанаға мұқтаж 2 отбасыға үй салынуда

    Қазалы ауданында қайырымды жандардың көмегімен баспанаға мұқтаж отбасыларға арнап екі тұрғын үй салынып жатыр. Оның бірі Қазалы қаласындағы жалғызбасты әкенің баспанасы болса, енді бірі Қ.Пірімов ауылындағы Науханбаевтардың тұрғын үйі.

    Осыдан бірнеше күн бұрын қазалылық жас кәсіпкерлер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешова өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазалы қаласында тұратын жалғызбасты әкенің баспанасы құлау қаупінде тұрғанын айтып, қайырымды жандарды көмек көрсетуге шақырған болатын. Дәл осындай хабарландыру бергеннен кейін бұл баспана қатты жауған жаңбырдың әсерінен құлап, адам тұруға жарамсыз болып қалды.

    Бүгінде көмек көрсетем деушілер үшін көрсетілген есепшотқа түскен қаржымен тұрғын үйдің іргетасы құйылды. Бұл игілікті іске Қазалы қаласының белсенді азаматтары мен жастары өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Амандық болса ертеңнен бастап үйдің қабырғасы қаланатын болады.

    Одан бөлек қала жастары өздерінің күшімен жалғызбасты әкенің ауласын қоршап, темір қақпа орнатып жатыр.

    Қ.Пірімов ауылындағы Орысбай Науханбаевтың да баспанасын көктемде жауған толассыз жаңбырдан кейін су басып қалған. Осыны көрген ауыл тұрғындары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ерлі-зайыпты Орысбай мен Күнімкүл Науханбаевтарға үй салып береміз деп шешті.

    Қазіргі таңда ауыл жастарының демеушілігімен үйдің іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып тұр. Енді қайырымды жандар өз күштерімен үйдің төбесін жауып, шатыр орнатпақшы.

    қатысты посттар

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 153 жоба іске асырылады

    Фариза

    Қызылорда облысының Арал ауданында білім саласына биыл 12 млрд қаржы бөлінген

    Фариза

    Қызылорда облысында маңызды жобалар жүзеге асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.