Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлы Отан соғысының ардагері Бөрібай Құлмановты 100 жасқатолу мерейтойына орай құттықтады.
Өңір басшысы ғасыр куәгеріне Сыр жұртшылығының жылы лебізін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰлыЖеңіс мерекесі қарсаңында «Ардагерлер туралы» заңды қабылдап, аға буын өкілдерінің мәртебесінкөтеріп, әлеуметтік қорғалуына ерекше мәнберді.Сіздің жасыңыз бен жолыңызды жас ұрпаққаберсін. Ұрпағыңызбен мың жасап, алдымызда жөнсілтер ақылшымыз болып жүре беріңіз! «,-деді облысәкімі.
Г.Әбдіқалықова мерейтой иесіне құттықтау хатын табыстап, қазақи дәстүрден жаңылмай шапан жапты.
Шараға Тұрғанбай Маханов, Әріп Қожбанов сияқтыеңбек ардагерлері және шәкірттері қатысып мерейтой иесін құттықтады.
Бөрібай Құлманов 1920 жылы 6 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. Жастайынан жоқшылықты көрген ол жетіжылдық мектептен кейін, 1934 жылы Қызылорда ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбекжолын Қызылорда облысы Сырдария ауданының ауылшаруашылығы бөлімінде бастаған. 1940 жылыМәкеудегі әскери училищеге курсант болып қабылданып, 1941 жылғы 1 мамырда Қызыл алаңда өткен әскери шеруге қатысады. Сол жылы лейтенант шенінде, минометшілер ротасының командирі болып майданға аттанады. Ұлы Жеңісті Германияның Штеттин қаласында қарсы алады. Соғыс аяқталғанжылы ерекше тапсырмамен Қытайдағы Синцъзянь провинциясында қызмет атқарады.
Бөрібай Құлманов майдандағы ерлігі үшін «Қызылжұлдыз«, «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендеріменжәне көптеген медальдермен марапатталған. Облыстың экономикасын, мәдениеті мен ауылшаруашылығын дамытуға қосқан үлестері үшін «ЕңбекҚызыл Ту», «Құрмет белгісі«, «Құрмет» ордендерініңиегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, облыс әкімінің(2015 жыл) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті азаматы.