Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалықтар МӘМС қорына 9,8 млрд. теңге аударды

    МӘМС жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 9,8 млрд. теңге аударған.

    – Оның 8,7 млрд. теңгесі (88,8%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 1,1 млрд. теңге (11,2%) — жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.

    Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.

    Айта кетейік, жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.

    қатысты посттар

    «СУСЫН» ҮШІН СОТТАЛЫП КЕТЕ ЖАЗДАҒАНБЫЗ немесе ана тіліміздің дамуына кедергі кімдер?

    Фариза

    Қызылордада сәуір айынан бері қызылша ауруының дерегі тіркелмеген

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова егін жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.