-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте миллион шаршы метр болатын тұрғын үй салынуда

    Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы салынып жатқан
    тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Ең алдымен қала басшысы
    «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ қаржыландыруымен
    салынып жатқан «Асар-2» шағын ауданындағы 10 тұрғын үйді және Тұран
    шағын ауданындағы екі көп қабатты тұрғын үй құрылысын аралап көрді.
    Мұрат Дүйсенбекұлы сонымен қатар, «Шымкент Сити» мен «Тұран» шағын
    аудандарында мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің
    құрылысын аралап шықты.

    Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының қандай сапада жүргізіліп жатқанын
    бақылап, мердігерлерге жұмысты жандандыруды және құрылыста отандық
    материалдарды пайдалануды міндеттеді. Сондай-ақ, жауапты сала
    басшыларына инфрақұрылым мәселесін кешеуілдетпей тез шешуді
    тапсырды.

    Жалпы мегаполисте биылғы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы
    аясында және «7-20-25» бағдарламасымен, барлық қаржы көздері есебінен
    13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың
    жалпы ауданы бір миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын
    үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар
    есебінен жүргізіліп отыр.

    Ағымдағы жылы 136 көпқабатты тұрғын үй немесе 7561 пәтер пайдалануға
    беріледі.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шығыс Қазақстанда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бойынша шағын несиелеуді кеңейтуге 4,5 млрд теңге бөлінген

    В ШЫМКЕНТЕ ЗАПУЩЕНО ПРЕДПРИЯТИЕ ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ОТХОДОВ СВИНЦОВОГО ЗАВОДА

    Фариза

    Зейнолла Самашев Даниал Ахметовты Ақбауыр тауындағы археологиялық ескерткіштерден табылған кезекті сенсациялық жаңалықпен таныстырды

    Пікір қалдыру

    1 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.