6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Көкшетауда өгей әке 9 жасар ұлын мектеп бағдарламасын дұрыс түсінбегені ұрып-соғып келген

    Көкшетауда мектеп бағдарламасын дұрыс түсінбегені, әрі жылдам орындамағаны үшін 9 жастағы оқушыны өгей әкесі күнде ұрып-соғып келген. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Баланы өгей әкесі күнде ұратыны жайлы қалалық Полиция басқармасына әжесі шағымданған.

    «Өгей әке нұсқауын тез орындамаған баланы күнде соққыға жыққан. Балаға психологиялық қысым көрсетіліп, бойын қорқыныш билеген. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-тармағы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы) іс қозғалды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

    Осы мәселе бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен арнайы комиссия құрылған. Баланы тексерген психологтар оған ауыр писхологиялық зақым жасалғанын анықтады. Балаға қатігездік танытқан ата-анасы облыстық мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен 6 ай мерзімге ата-аналық құқығынан айрылды.

    Өгей әкесінен зәбір көрген бала уақытша әжесінің қарауына берілді.

    қатысты посттар

    Қостанайда бойжеткен көпқабатты ғимараттың бесінші қабатынан құлап, көз жұмды

    Фариза

    Алматыда әйелді ұрып-соғып, зорлаған ер адам ұсталды

    Фариза

    “Ринат өз үйінде болған…” – ІІМ мәлімдемесі

    Пікір қалдыру

    8 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.