Четверг, 18 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қостанай облысында зират жанынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында зираттар жанынан жаңа туған нәрестенің қара дорда, ақ матаға оралған денесі табылды. Баланың анасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

    Шақалақтың мәйіті 27 мамыр күні кешке табылды. Полицейлер бірнеше күн жатқан нәрестенің денесінен ешқандай зақым белгілерін таппады. Қазір мәйітханада сараптама жүріп жатыр.

    «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз», — деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

    Баланың анасы табылса, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    қатысты посттар

    Шымкент полициясының баспасөз хатшысы өзіне қол жұмсамақ болған

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды

    Фариза

    Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.