16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қостанай облысында зират жанынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында зираттар жанынан жаңа туған нәрестенің қара дорда, ақ матаға оралған денесі табылды. Баланың анасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

    Шақалақтың мәйіті 27 мамыр күні кешке табылды. Полицейлер бірнеше күн жатқан нәрестенің денесінен ешқандай зақым белгілерін таппады. Қазір мәйітханада сараптама жүріп жатыр.

    «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз», – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

    Баланың анасы табылса, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    қатысты посттар

    Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жасар бала өлі күйінде табылды

    Фариза

    Ақтөбе облысында тағы бір кеніш мұнайшылары ереуілге шықты

    Фариза

    Қазақ радиосының эфирінен майдангер ақын-жазушылардың Алтын қордағы дауыстары беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.