Понедельник, 28 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкен: Көпір мен жол құрылысы басты назарда

    Шымкенттің бас жоспарына сәйкес қала көшелерімен қатар көпірлері де ретке келтірілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Д.Қонаев даңғылымен жалғасатын «Бадам» өзені үстінен өтетін өткелдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

    Ұзындығы 100, ені 32 метрлік көпірдің құрылысы қала аумағындағы кептелістің алдын алуға көп сертігін тигізетін болады. Жақын арада пайдалануға берілетін нысанның құрылысына қала әкімі оң бағасын берді.

    Жалпы шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеу жұмыстарына республикалық жәнежергілікті бюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралған.  Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығу және 1 жол өткелін қамтып отыр.

    Нәтижесінде жыл соңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырым жол мен 6 көпір, 1 жол өткелінпайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға 536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 3119 адам жұмысқаорналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамтуорталығы арқылы.

     

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

    Фариза

    Шымкенттік кәсіпкерлер медицина саласына көмек көрсетуді жалғастыруда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.