20 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ

    Шымкент қаласында  биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылменсалыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

    Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемінарттыру мақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрайтын 7 ірі  инвестициялық жобаларжүзеге асырылуда. Нәтижесінде жыл соңындақосымша 1,5 млн. литр сүт, 40 млн. дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

    Аталған бағыттағы жұмыстарды жүргізугесубсидиялау бағдарламасымен бюджеттен 1140,7 млнг қаржы қаралған. Осындай мемлекеттікқолдауға ие болған бірқатар шаруқожалықтыңжұмысымен бүгін журналистер арнайы барыптанысты.

    БАҚ өкілдері ең алдымен Тассай тұрғын алабындаорналасқан «ККК» ЖШС –нің құс фермасынаралап көрді. Кәсіпкер жеңілдетілген несиеніңарқасында құс шаруашылығын қолға алып, өнімдерін қайта өңдеумен айналысуда. Бұданбөлек, олар жылына 100 тоннадан астам бал өндіретін ЖК «Нормухамедов» шаруашылығынабарды. 2007 жылдан бал ара шаруашылығындамытып, асылдандыру жұмыстарына мемлекеттенқолдау алып, алыс-жақын өңірлерге асыл тұқымдыаналық аралардың өнімін сатып келеді.  Бүгіндемұнда 5000-нан астам бал ара ұясы бар.

    Журналистер танысқан келесін нысан «Зертас» ШҚ – ның сүт фермасы. Қожалық 2019 жылы Австрия елінен жеңілдетілген несие және мемлекеттікқолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы асылтұқымды сиырлар әкелген болатын. Шаруашылықта жалпы ІҚМ басы 161-ге жеткен. Кәсіпкер сүт өндірісіне мемлекеттен қолдау алуда. Жыл соңына дейін ІҚМ басын 300-ге жеткізіп, шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

     

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Алматыда электр қуаты өшуіне не себеп болғаны айтылды

    Фариза

    Қызылорда: 109 бірыңғай байланыс орталығына 64341 өтініш түскен

    Фариза

    Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы 70 пайызға аяқталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.