-3.1 C
Алматы
Понедельник, 24 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Тоқаев блок-бекетте көз жұмған екі полицейді марапаттады

    Еске сала кетейік, кеше, яғни 25 мамырда Алматы маңында таңғы сағат 05:26-да блок-бекеттердің бірін бұзып өтпекші болған мас жүргізуші полиция көлігін соғып, соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмған болатын. Ал бір полиция қызметері ауыр халде жатыр.

    Осы ретте Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыдағы блок-бекетте апат кезінде көз жұмған екі полиция қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    «Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі наградталсын», — делінген мәтінде.

    Айта кетейік, блок-бекетте 2 полицейдің өмірін қиған жүргізуші 6 жыл құқық қорғау органында жұмыс істеген. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

    қатысты посттар

    Астанада бірнеше адам қаза тапқан ірі жол апатының видеосы таралды

    Алматыда Bek Air ұшағы құлады

    Фариза

    Салық инспекторлары бизнесменді қорқытып, тегін дастархан жаюды талап етіп қана қоймай оған көнбеген келіншекті жұдырықтың астына алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.