9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізушінің әрекетінен екі полиция қызметкері қаза тапты

    Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізушінің әрекетінен екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай ұшып кеткен. Салонда екі полицей болған.

    Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.

    Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынды. Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    қатысты посттар

    Ұры 10 жастағы мектеп оқушысын пышақтап кетті

    Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

    Алматы полиция департаменті балаларды ұрлау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Пікір қалдыру

    20 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.