Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан елордалық жігіт жазаланды

    Нұр-Сұлтанда іш киіммен колік төбесіне шыққан ер адам жазаланды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жартылай жалаңаш ер адам түскен ролик Instagram-дағы @kris_p_brothers_official  парақшасында жарияланды. Кадрларда түнгі Нұр-Сұлтан көрісі. Алдымен ер адам жүріп келе жатқан көліктің төбесінде отырады, содан кейін үстіне шығып тұрады.

    Бірнеше уақыттан кейін көлікті патруль нарядты тоқтатады.

    «Коронавирус миыңда болса», — деген жазба авторы.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official) 22 Май 2020 в 9:50 PDT

    Оқиғаны Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.

    «Елордалық полицейлер 24 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамады. Оған қоса, уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және сақтандыру полисі болмаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

    Жүргізуші әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша жалпы сомасы 125 010 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.

    Көлік шатырында жүргізушінің 24 жастағы досы болған. Оған ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жалпы сомасы 9 723 теңге айыппұл салынды.

    қатысты посттар

    Бауыржан Байбек 50 мың теңге үшінші рет берілетінін айтты

    Фариза

    БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ ПЕДАГОГТАРҒА 2 МЛРД 67 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ӨНДІРІП БЕРДІ

    Фариза

    Қостанай облысында зират жанынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.