20 мамырда Атырау облысында түстен кейін 1,5 жасар сәби үйІнен шығып, із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабар тараған болатын. Бүгін 1000-ға жуық волонтерлардың іздеу нәтижесінде баланың мәйіті табылды. Іздеу жұмыстарына байланысты баланы табуға атсалысқан белсенді Олжас Сұлтанов неліктен баланы бүгін ғана табуға қол жеткізгендері туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.
«Бала жоғалып кеткеннен кейін 500-1000ға жуық волотерлар оны іздеуге атсалысты. Табылып қалуы мүмкін деген барлық бұрыш-бұрышты, барлық тесікті қарадық. Тіпті, бүгін баланың мәйіті табылған септикті де жігіттер 10 рет қараған. Бірақ, ол кезде асығыс ізделгеннен кейін септикті түгелімен ақтармаған. Оның үстіне септиктің бұрыннан жабық тұрғанын айтқаннан кейін, ол жерге түсіп кетеді деген күмән болған жоқ. Тек бетін ғана көрумен шектелдік. Бір жағынан егер бала қайтыс болған болса, судың бетіне шығады деп ойладым. Барлық жерді қарап шығып, таппағаннан кейін, септикті түгелімен ақтарудан басқа амал қалмады. Ондағы қоқыстарды түгелімен шығардық. Сол қоқыстардың астынан баланы тауып алдық», — дейді Олжас Сұлтанов.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, 20 мамырда түстен кейін 1,5 жасар сәби үйден шығып, із-түссіз жоғалған. Баланың есімі Әли еді, ол оң аяғынан ақсап жүретін. Баланы іздеуге полиция мен волонтерлер жаппай жұмылдырылды