11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте биыл 300 шақырымнан астам жол жөнделеді

    Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстарыкарантинге байланысты тоқтап қалған жоқ. Барлықсақтық шараларын орындай отырып, құрылыскомпаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сайжүргізуде.

    Шаһардағы жол сапасын дамыту мақсатында 2020 жылы 256 объектіде құрылыс-жөндеужұмыстарына республикалық және жергіліктібюджеттен 26,9 млрд. теңге қаралды.  Бұл 417,3 шақырым жол мен 7 көпір, 2 өткел, 1 оңға шығужәне 1 жол өткелін қамтып отыр. Нәтижесінде жылсоңына дейін 240 нысанды, яғни, 314,7 шақырымжол мен 6 көпір, 1 жол өткелін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудыңжол картасы» бойынша 260 аялдаманы орнатуға536,5 млн. теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында3119 адам жұмысқа орналастырылады, оның 1621-і жұмыспен қамту орталығы арқылы.

    Қаладағы ең маңызды құрылысы жүріп жатқанкөшелердің бірі Республика даңғылы мен Рысқұловкөшесі. Республика даңғылының жалпы ұзындығы– 5,3 шақырым, ені – 2х14м болса, нысанныңжалпы сомасы – 2 394,0 млн.теңгені құрайды. Ал, Т.Рысқұлов көшесінің жалпы ұзындығы – 4,2 шақырым, ені – 2х7м. Құрылыс жұмыстарыА.Байтұрсынов пен Әл-Фараби көшесі аралығындажүргізілмек.

    Бұдан бөлек, Бадам өзені үстінен өтетін өткелД.Қонаев даңғылымен жалғасады. 99 метрлікнысан мамыр айының аяғына дейін тапсырыладыдеп күтілеуде.

    Жалпы Шымкент қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 297 606 шақырымдықұраса, оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы мүгедектерді оңалту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші орында тұр

    Фариза

    Электронды билеттендіру табысты еселей түспек

    «Жаңатас ЖЭС» – Орта Азиядағы ең ірі жоба

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.