-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Карантин кезіндегі өрескелдіктерге шыдай алмай, билікке талабын орындатқан ШҚО тұрғындары қалыпты өмірге орала бастады

    Төтенше жағдай режимінен жұрт әбден қажыды. Жұмысынан айырылып, үлкен-кіші  топ адамды бір үйге қамауға мәжбүр болған бұл қатаң тәртіпке уақытша бой үйретуге мәжбүр болғанымен, жалақыдан қағылып, бала-шағасының ішіп-жеміне қаржы таппай қиналған жұрт мұндай шектеуге ұзақ шыдап отыра алмасы анық. Үкімет бөлген 42 500 теңгенің өзі біріне жетсе, енді біріне жетпи қажытуда. Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болса, үйге қаматқан төтенше жағдай режимінен бөлек, облыс өңірінде орын алып жатқан өрескелдіктерге ашынып, тиісті шаралар дұрыс қолданылмағаннан кейін, Президентке арыздануға дейін барды.

    Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі 11 мамыр күні аяталған болатын. Көптеген облыстар қайтадан қалыпты өмірге біртіндеп көшуге шешім қабылдап жатқанда, Шығыс Қазақстан облысы басқармасы болса, керісінше карантин режимін 1 маусымға дейін ұзартып, қауіпті індеттен сақтану режимін бұрынғыдан да қатаңдату туралы шешім қабылдаған болатын. Дегенмен, 2 айға жуық жұмыссыз, үйге қамалған халық бұл шешіммен келіспей, арыздана бастады.

    Ғалымдардың пікірінше, бұл қауіпті індет бірден тоқтай қоймайды, тіпті, күзге қарай тағы бір толқыны болуы мүмкін. Сондықтан, сақтық шараларын сақтай отырып, халық біртіндеп қалыпты өмірге орала беруге кеңес берген болатын. Ал Шығыс Қазақстан облысы коронавирус індетінің таралуы ең аз таралған өңірлердің бірі. Бірақ, соған қарамастан, карантин режимін қатаңдатқысы келген биліктің бұл шешімі халықтың шамына тиіп кетсе керек.

    Честных Роман, Колиниченко Оксана, Топольняк Валерия бастаған арызданушылар петиция ұйымдастырып, бір күннің ішінде 15 600 адамның қолын жинап, Өскемен қаласының сотына жолдаған болатын. Соның нәтижесінде, облыс әкімі Даниал Ахметов 16 мамырдан бастап тұрғындардың жұмыстарына орала беруіне тапсырма берді. Бірнеше адамның арыздануының нәтижесінде халық әділдіктеріне қол жеткізді.

    Дегенмен, облыс тұрғындарының шамына тиген мәселелердің соңы осымен бітпейді. Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысы карантин режимі кезінде далаға шығушы тұрғындар үшін арнайы тәртіп орнатқан болатын. Бірнеше топтарға бөліп, арнайы қызыл-жасыл түсті карталар тарқатып, сол карталар арқылы белгіленген күндерде ғана далаға шығу туралы қатаң тәртіп орнатқан. Ал халықтың ең қатты ашуына тиген нәрсе –  сол карталарды халық сатып алуға мәжбүр болған. Жұмысынан айырылып, табыссыз қалған халық билік тегін таратуы керек болған карталарды да сатып алуына тура келгендлігіне ашынды. Осындай қиын қыстау заманның өзінен қараша халықтан пайда тауып қалғысы келген пайдақорлар болса, әлі күнге жазаланбаған. Өңір басшысының тапсырмасымен жұмыстарына қайта оралуға мүмкіндік алған халық басшылықтың бұл шешіміне бір жағынан риза болғанымен, екінші жағынан өңірдегі үлкен өрескелдіктерге назар аудармаған облыс әкімі Даниал Ахметовке деген өкпесі қара қазандай.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтан қаласына жаңа әкім тағайындалды

    Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    «Тоқаев VS Қосанов» — Белгілі кәсіпкер таңдаудың 4 жолын көрсетті

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.