-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Айға қарап қолыңды шошайтпа» Қазақ салтында айға қатысты қандай тиымдар бар?

    АЙ СЫРҒАНЫ НЕГЕ ТАҚҚАН?

    Бала кезімізде үлкендер ұрсатын,айға қарап қолыңды шошайтпа- деп,қолыңды тістеткізетін. «Айға қарап телмірме!»-ол дегеніміз Ай адамның жанарын, сұлулығын, терінің жастығын алады екен. Қазақтың салтында мынадай тиым бар: «айға қарап дәрет сындырма….»-ар жағы жазылмаған. Құпиясы мынада: айға қарап дәрет сындырған қыз бала-бедеу болады екен,ешқашан сәбилі бола алмайды.Айға қарап дәрет сындырған ер баланың шәуіті (спермасы) әлсіз болады,яғни ол жұбайына бала тапқыза алмайды.НЕГЕ ??? Ол үшін айды біраз зерттейік.

    Ай төрт фазадан тұрады. Бірінші фаза Ай Туады.(7-күн)

    Екінші фаза ай толады (7-күн)
    Үшінші фаза ай желінеді теріс жағынан
    Төртінші фаза ай жіңішкеріп, жоғалады.

    Есіңізде болсын айдың ең қауіпті кезі адам үшін, ол 1-2 фазасы, яғни туылып- толуға екі жетіде ай күшті энергияны жерге жібереді. Осы кезде теңіздер тулайды, қышыма, бөртпе, бронхит, давление, т. б аурулар өршиді. Байқасаңыздар ай желіне бастағанда, аурулар өршуі күрт басылып, тынышталады.

    Айдың күшейген кезінде «Айкезбе» (лунатизм)-ауруы күшіне мінеді.
    Осының растығын білу үшін мынадай тәжирбе жасадым. Ай туған кезде, балта, пышақтарды қайрап, ай түсетін терезенің алдына қойдым, біреуін пышақ пен балтаны орамалмен жауып қойдым, екінші пышақ балтаны ашық тастады. Таң ата қарасам, ашық тұрған балта мен пышағымның жүзін ай жеп қойыпты, ал орамалмен жапқандарым, сол күйде қалыпты. Міне, айға телмірме, ұйықтағанда ай бетіңе түспесін деген осыдан шыққан. Невропотолог дәрігерлермен сөйлескенде бет аузы қисайған учетта тұрған, ем қабылдаған студенттер қаншама Алматы қаласында. Ия, ем жүреді, массаж, игла терапия, витамин уколдар. Бірақ, беттерінде тыртық, іздер қалатындар да бар, оның сеьебі ай энергиясының қатты өткені тәрізді. Бірақ, дәрігерлер айдың әсері мүмкін десе де, медицинада бұл ауру «Паралич Билла»- леп аталады, олар нерв жүйесіне суық тиген деп жазады диагнозды. Қызық ә…. Екінші тәжирбем мынадай болды: -Ай туғанда шашымды, тырнақтарымды алдым, ай толған сайын шаш-тырнақ тез өсетініме көзім жетті. Келесі айда шаш-тырнағвмды айдың үшінші фазасында, яғни ай желіне, мұжыла бастағанда алдым, шаш тырнақ екі жұмадай баяу өседі.» Лунный календарь»-дегенді естігенсіз бе, жалпы ағаш, бау бақша отырғызғанда ай туып немесе толып келе жатқанда салсаңыз, жақсы өседі, себебі ай қуатымен тещ көтеріледі. Ал «өлара» кезінде не айдың 3-4 фазасында ексеңіз әлсіз, қуатсыз болып, көтерілуіне біраз уақыт кетеді.

    Ескерту бизнесті, жаңа жұмысты ай туғанда бастаңыз, берексі болады.
    Себастьян Бах айға қарап әуендерін шығаратын, ай Бахқа музыка берді, бірақ құлағымен, көзінің жанарын алды. Бах саңырау және көзінен айырылып өлді.
    Бетховеннің өзі Лунная сонатаны»- айға қарап жазып, аяғы саңырауға айналды. Қазіргі ағылшын суретшісі Ли Хадвин ай ауыруына шалдыққан, жастайынан айға қарап ұйықтайтын. Ол түнде тұрып, ұйқылы түрде сурет салады. «ұйқылы суретші»- деп атайтын Ли дің суреттері мүлде басқа галактиканікі деп айтуға болады.

    Біздің ата-бабаларымыз Айдың қыр сырын жақсы білген. Сол себептен айдан қорғану үшін мынадай іс- шаралар істеген.

    1.Ай сырға таққан(ай көріп әулетіме тиіспейді деп ырымдаған)

    2.Балаларының аттарын Айтуған, Айдын, Құралай, Айбар, Айсұлу, Айбек, Толғанай, Айқара, Айжарық, Айгүл т. б ай атымен атаса ай тиіспейді деп жорыған.

    3.Ай туғанда айға бата берген» Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа! «-деп.

    4.Ай туғанда әжелеріміз, қыз-келіншектер бастарына орамал киіп афға сәлем салған.

    5. Ай туралы тиым сөздер ұрпаққа үйретіп отырған.» айға қарап дәрет сындырма», «айға қолыңды шошайтпа»,» айға қарап телмірме» т. сондай.

    6. Аңыз әңгімелер, дастандар, ертегілер, өлеңдерде, мифтерде айды тек мақтаған, ешқашан жаман айтпаған, қатері тиеді деген.

    7. Ай тұрғаннан кейін ұйықтауға рұхсат берген, ай ұйықтаған адамның бетіне түспесін деп қатты ескертіп, жастардың құлағына құйып отырған.

    8.Қылышты-қынапқа, пышақты-қонышқа, балтаны сапыға салу керектігін қатты бақылаған, себебі, ай қайралғанның жүзін жеп қояды.

    Міне, ай сырғаны кішіден бастап, үлкен ана-әжелеріміз құлағынан тастамай алтыннан таққан. «Айсырға таққанға-ай тимейді»- деген.

    » Әшекей бұйымдардың тылсым, құпия сырлары»- кітабынан үзінді, авторы Б. С. Ешмағамбетов.

    Ұрпаққа үйретіңіз бұл ата-баба салты, өте маңызды.

    қатысты посттар

    Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені үшін 20 жастағы студент қамауға алынды

    Фариза

    «Любители халявных денег!» Неліктен қазіргі қоғам еңбексіз «келетін» жеңіл ақшаға жүгіреді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.