10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Мұнай, доллар, митинг… Бүкіл Қазақстан демалғанда, эканомикамыз құлдырап жатыр

    Өткен Халықаралық әйелдер қарсаңындағы демалыс күндерінде елімізде айтарлықтар өзгерістер орын алды. Бүкіл Қазақстандық демалып жатқан уақытта, тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ көптеген мемлекеттердің экономикасын құлдырауға әкелген айтарлықтай жағдайлар мен қиындықтар туындады. Аяқ астынан туындаған мұндай жағдайлар, бүгінгі таңда халықтың тұрмыс-тіршіліктеріне едәуір кесірін тигізуде. Ендеше, еліміздегі экономикалық құлдырауға әкелген нақты дәлелді оқиғаларға тоқталып өтейік:

    1. Мұнай бағасының құлдырауы

    Brent маркалы мұнайдың бағасы алғашқы жұмыс күнінде бір баррель үшін 31,43 долларды құрап, үштен бірге төмендеді. 50%-дан 30%-ға дейін құлдыраған. Мұнай бағамына байланысты дәл мұндай құлдырау соңғы рет 2016 жылы болған еді. Goldman Sachs Bank алдағы аптада Brent маркалы мұнай баррелі 20 долларға дейін түсуі мүмкін деген болжам жасады.

    Мұнайдың құны күрт азайып кетуіне Сауд Арабиясы өзінің мұнайын сатудың салыстырмалы бағасын ең кемі 20 жылға агрессивті түрде төмендеткені себеп болған.

     

    1. Доллар бағасының қымбаттауы

    9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде доллар күрт қымбаттап кетті. Нұр-Сұлтан мен Алматының айырбастау пунктерінде доллар бағамы 400 теңгеге дейін жетті.

    Доллар бағамының өсуі әлемде мұнай бағасының 30%-ке төмендеуімен байланысты. Бұған ОПЕК+ келісіміне қатысушы мұнай экспорттаушы елдердің 6 наурызда Венада мұнай өндірісі көлемін азайтуға байланысты ортақ шешімге келе алмағаны себеп болған. Сондай-ақ, коронавирус індетінің де кері әсері тиді.

    Ал бүгін, доллардың аралық бағамы 39,6 теңге көлемінде болды

    Ал, биліктегілер мұнай мен долларға қатысты туындаған мәселе еліміздегі бензин бағасына әсер етпейді деп сендірді.

    Дегенмен, алдағы ай ішінде халық  арасында бензин бағасының да қымбаттағаны туралы сөз тараған болатын.

    1. Нан бағасы қымбаттады

    Алматы да “Ақсай нан” компаниясы нан бағасы 5 теңгеге қымбаттағанын айтты. Мұнай мен доллардың әсері азық-түліктерге де әсер етіп жатқанын байқауға болады.

    Дегенмен, бүгін Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов арнайы нан шығаратын зауыттарға барып, жұмыстарымен танысып, бағаның қымбаттамауын бақылауға алу туралы тапсырма берді.

     

    1. Алматыда автобустардың азаюы

    Тасымалдаушылар Алматыдағы автобус санын азайтатынын мәлімдеді. Оған себеп: компания басшылары жеткізу кестелеріндегі ереженің бірнеше рет бұзылғаны мен жөндеу жұмыстарына байланысты екендігін алға тартуда.

    Тұрғындар автобустарды сағаттап күтетіндерін, тасымалдау автобустарына байланысты қиындықтар туындап жатқандығын айтып шағымдануда.

    Ал Алматы “Көлікті дамыту басқармасының” басшысы Әсет Төлеушов болса, автобус жүргізушілерінің коронавирусқа байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр деп болжайды.

     

    1. Алматыда әйелдердің құқығын қорғауды ұран еткен, рұқсат етілмеген митинг өтті.

    8 наурыз күні Жібек жолы бойында ЦУМ ойын-сауық кешенінің алдында феминистік қозғалыстарының өкілдері “Әйелдердің құқығын қорғау” атты ұранмен митинг өткізді. Олар биліктің ескертеуіне қарамастан, жүзден астам әйел Арбат бойымен Абай ГАТОБ бағытында жүріп өтті.

    Әдетте саяси көзқарасын білдіріп митингке шығатын азаматтарды полиция қызметкерлері ұстап алып кететін, ал 8 наурыз күні таңқаларық жағдай, полиция қызметкерлері феминистік қозғалыс өкілдеріне тиіскен жоқ.

    Сонда, митингке шыққан азаматтарға өз саяси көзқарастарын айтуға құқықтары жоқ та, ал фенминистерге ұрандатып шыға беруге болады деген сөз бе бұл. Әлде, феминистер секілді, рұқсат етілмеген митингке шықсаңда,  тұтқындай алмайтын арнайы бір күнді табу керек пе?

    Статистика бойынша елімізде қатігез күйеулерінің зорлық-зомбылығының әсерінен 400-ге жуық әйел қайтыс болады.

    Байқап отырғанымыздай, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде халық гүл іздеп сандалып жүргенде, теңгеміз 16 теңгеге дейін құлдырап кетті. Сондай-ақ бұл жағдайлар тек экономикалық құлдыраудың басы ғана секілді.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    “Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған” Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    Фариза

    “Мені де, бауырларымды да ұрады”: Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

    Фариза

    Жергілікті қазақтар «Басқа жол салып беріңіздерші, бұл жолды дұңғандар алып қойды, өткізбейді» деп шағым айтты

    Пікір қалдыру

    one × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.