Бүгін 13 мамыр 19:14 уақытында Еңбекші ауданының, Елтай елдімекенінде қатты жауын-шашын салдарынан арықтың тасуы орын алды. Тасқын су Түркістан облысы, Толеби ауданынан келуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде, тасқын судың салдарынан Елтай елдімекенінің 30-ға жуық тұрғын үй аулаларын су басып қалған. 3 шаруашылық нысан құлады. Оқиға орнынан ақпарат жолдаған тілшіміз Гүлсанат Қапалдың айтуы бойынша, қазір тұрығандарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Қаза тапқандар және жарақат алғандар жоқ. Тұрғын үй аулаларындағы судың деңгейі 20-25 см-ді құрайды. Жобамен 3-5 м.куб көлемінде су келуде.
ТЖ салдарын жоюға: ТЖД 4 қызметкер және 2 дана техника, ТЖБ 2 қызметкер және 1дана техника, «ӨСжАҚЖҚ» ММ 51 қызметкер, 11 дана техника және 14 мотопомпа МП-100 жұмылдырылды.