1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    «Билік халықтың өмірін қиындататын, ақымақ жолды таңдап алды» — Мұхтар Тайжан салық табысына байланысты өзгеріске пікір білдірді

    Күні кеше Президент тапсырмасы бойынша табыс салығына өзгеріс енгізген болатын. Соған байланысты халық арасында көптеген сұрақтар мен талқылаулар  туындайда. Көпшіліктің ашу-ызасын тудырған бұл мәселеге байланысты белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да өз ойын қосып өтті. Оның айтуынша, бұл қабылданған шешім халықтың өмірін қиындата түсетіндігін жеткізді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    ПРОГРЕССИВТІ САЛЫҚ НЕГЕ ЗИЯН?

    БЮДЖЕТТІ ТОЛТЫРУДЫҢ БАСҚА ҚАНДАЙ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ БАР?

    Алдымен әлеуметтік әділдік туралы айтар болсақ. Жоғары жалақы алатын адам бюджетке көп салық төлеуі керек. Толық келісемін. Бұл үшін біреқ прогрессивті табыс салығы керек емес. Өзіңіз сараптап көріңіз, 1 млн теңге еңбекақы табатын Азамат 10 пайыздық салық мөлшерлемесімен бюджетке 100 мың теңге төлейді. Ал, 100 мың теңге айлық алатын Асқар бюджетке 10 мың теңге салық төлейді. Әділ ме? Әділ.

    Енді Үкімет не істегісі келіп отыр? Прогрессивті салық енгізілгеннен кейін Азамат енді 300-400 мың теңге төлеуге мәжбүр болса, ал, Асқар сол баяғы 10 мың теңгесін төлеп қойып жүре береді. Әділ ме? Жоқ. Бұлай болса Азамат не үшін ашық жолмен тапқан ақшасының үштен бірін, одан да көп бөлігін салықшыларға аударуға тырысады? Оқыған, ақыл-есі дұрыс адам ретінде Азамат 1 млн теңге табысының 300-400 мың теңгесін салық ретінде төлемейді, басқа жол іздейді. Сөйтіп, 5 туысын өз кәсіпорнына жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркейді де, заңды түрде бұрын төлеп келген 10 пайыздың орнына 3 пайыз мөлшерлемемен салық төлейтін болады. Яғни, бюджет мына «жаңалыққа» дейін Азаматтың айлығынан ұстап келген салықтан 7 пайыз жоғалтады.

    Бұл – қарапайым тілмен айтқанда «қисық Лаффер» тұжырымдамасы, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Экономикада салықты көбейтудің шегі бар, сол шектен кейін бюджетке түсетін нақты түсімдер кеміп кетеді (оның себебі көп, оның ішінде өндірістің құлдырауы да бар). Еңбекақы төлеу қоры (ФОТ) салғын өсіру – бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтудың ең қарапайым және ақымақ әдісі.

    Одан бөлек, бюджеттің кіріс бөлігін талдар болсақ, біздің үкіметтегі ғұлама экономистердің жоспары орындалып, елдің бәрі прогрессивті салық төлеп кеткен күннің өзінде бюджет бар болғаны 0, 00001 пайызға ғана толығады. Ал, міндетті түрде болатын салық әкімшілігіне кететін мемлекеттік шығындардың өсетінін ескерсек, мұның барлығы бекерге кетеді, тіпті минусқа кіреді.

    ОНДА ОСЫ ҚИЫН КЕЗЕҢДЕ БЮДЖЕТ КІРІСІН ҚАЛАЙ ӨСІРУГЕ БОЛАДЫ?

    Оның жолы оңай. Бар болғаны – Салық кодексінен шикізат секторы, банк секторы, көлік, біздің «автомобиль зауыттарымызға» ұсынылған БАРЛЫҚ жеңілдіктерді алып тастау керек. Біздің Салық кодексіміз ірі кәсіпорындардың пайдасына жұмыс істейді ғой. Шағын кәсіпорындар қысым көруде, ал ірілері салық жеңілдіктерін пайдаланады. Міне, әлеуметтік әділдікті қайдан іздеу керек?!
    Неге ірі компания акционерлері дивидендтеріне берілетін жеңілдіктерді алып тастамасқа? Мен бұл туралы бүгінгі Салық кодексін әзірлеу барысында, 2017 жылы айтқан болатынмын.

    Неге бізде көмір разрездері, ірі металлургиялық кәсіпорындар, нақты кен орындары, мысалы, қалайы, миллиард доллардық салық жеңілдіктерін алады? Бұлардың барлығы туралы мен 2017 жылы Салық кодексін әзірлеу кезінде жазған болатынмын.

    Неге бізде автомобиль өндірушілер деп аталатын топ жеңілдікті де, протекцияны да, дотация мен субсидияны да алады? Онда мұндай «өндіріс» бізге не керек?

    Мен әлі «Самұрық-Қазынаның» жылына 1 трлн теңге болатын дивидендтерін заңға сай тәркілеу арқылы да бюджетті толтыруға болатынын айтып отырған жоқпын. Ал, егер осы квазимемлекеттік секторды жойсаңыздар, сіздер он миллиардтаған мемлекеттік шығыстарды үнемдеп, зиянды сыртқы қарыздан құтылар едіңіздер!

    Жоқ, олай істемей, барлық жолдың ішінен ең оңай және ақымақ жолды – еңбекақы төлеу қорын салықпен қинайтын жолды таңдап отыр. Міне бұл Сіздің қабылдап отырған экономикалық шешімдеріңіздің деңгейі. Осыдан келіп халықтың өмірі де қиындай түседі.

    Сендер тұтас бір буының – миллиондаған отандасымыздың өмірлік уақытын алып қойдыңдар. Сізендер 30 жастағы жас бала кездеріңде министр боп келдіңдер, әлі сол деңгейде қалдыңдар, нағыз ерлерге тән шешім қабылдай алмайсыңдар. Өмір бойы ірі лоббилардың тілегін орындап келесіңдер.

    Сендер 20-10 жыл бойы бір біріңізді алмастырып, ірі экономикалық лауазымдарды иеленіп келесіңдер. Ешқашан, еш жерде ештеңеге жауап бермедіңдер. Соның салдарынан халық кедейленіп бітті. Енді сендерге, экономикалық блок басшылығына орындарыңнан тұрып, кетіп қалу ғана қалды.

    қатысты посттар

    Енді шенеуніктер жалақыны жаңа ереже бойынша алады

    Oyan, Qazaqstan белсендісі феминистік шеруден кейін қоқан-лоқыға шағымданды

    Фариза

    Халық зорға қол жеткізген 42 500 теңгені тартып алуда: Банктердің пайдасы елдің қиыншылығынан да, Тоқаевтың бұйрығынан да маңызды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.