15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Әзілдедім, қорықсын дедім”. Жалған ақпарат таратқан дәрігер әрекетін түсіндірді

    “Алматыда 70 адам коронавирус жұқтырды” деген жалған ақпарат таратқан дәрігер өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
    .

    Бұл видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатыр.

    “Мен, акушер-гинеколог Думан Кемпилович Айтжанов, бүгінгі видеоүндеуімді What’s app-тағы “Братва” тобына коронавирус туралы жіберген видеома байланысты жаздым. Достарыма әзілдедім, қорықсын дедім, коронавирус туралы ескерттім. Видео үшін қатты өкінемін. Мені көріп отырғандарға мен сияқты қателік жасамаңдар деп айтқым келеді”, – деді дәрігер видеоүндеуінде. Полицейлер ер адамның тергеу кезінде уақытша қолхатпен босатылғанын айтты.

    Еске салайық, мұның алдында дәрігердің ұсталғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желілерде ақ халат киген ер адамның Алматыда коронавирус жұқтырды деген 70 адам туралы айтқаны түсірілген видео тараған еді. Кейін бұл мәліметтің Денсаулық сақтау министрлігің өкілдері жалған екенін айтты.

    қатысты посттар

    Алматыда Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бір белсенді қамалды

    Фариза

    “Алла олардың жазасын берсін” Елордада аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты

    Фариза

    12 мамырдан бастап Шымкентте қоғамдық көліктер жүре бастайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.