-1.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    «Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», — деді Тоқаев.

    Қазақстанда төтенше жағдай режимі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты алғаш 15 наурызда 15 сәуірге дейін енгізілген болатын. Артынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 1 мамырға дейін созу туралы жарлыққа қол қойды. Ал 27 сәуірде Президент карантин мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылғанын мәлімдеді.

    «Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл — біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады», — деді Тоқаев мәлімдемесінде.

    Еске салайық, 11 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5126-ға жетті. 1941 адам аурадан айықса, COVID-19-дан 31 адам қайтыс болды.

    қатысты посттар

    Сорпа челлендж. Казактар сорпаны тегин таратуда

    Фариза

    «Жын кірді» деген сарбазға қатысты ҰҚК түсініктеме берді

    Фариза

    Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.