15 C
Алматы
Сенбі, 11 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Оқиға

    Шымкент: Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ

    Шымкентте ауа райы күрт өзгеріп, дауыл тұрды. Салдарынан қаладағы Әл-Фараби алаңы жанында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде профнастилден жасалған шатыр ұшып, жедел жәрдем автокөлігін басып қалды.

    Ұшқан шатырдың көлемі  120 шаршы метр. Қаладағы Циалковский, М.Х.Дулати көшелері бойында орналасқан үйлердің шатырлары ұшып, олардың көлемі 42 шаршы метрді құрады.

    Ал, Водопьянов көшесінде орналасқан бір үйдің үстіне үлкен тал құлап, электр сымдары үзілген. Барлық орын алған оқиғалар бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері шығып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

    Бұл жұмыстарға жалпы жеке құрамында 20 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнында энергетика қызметінің мамандары да тартылды.

    Шымкент қаласында 2020 жылғы 8-9 мамыр аралығында ауарайының өзгеруіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланған.

    Дауылды ескертубойынша 2020 жылғы 8 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлардепартаментінің шұғыл кезекшілеріне хабарламалар түсе бастады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: 381 нысанға жаңа атау беріледі

    Фариза

    Сыр елінің ауылшаруашылық өнімдері 17 мемлекетке экспортталуда

    Фариза

    Сапарбаев тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.