26 C
Алматы
Пятница, 26 июля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    АРАНДАТУ АЛҒА БАСПАДЫ: «Шымкент лагерінде» тұтқындарды ұру фактілері расталмады

    Шымкенттегі ИЧ 167/2 қатаң режимдегі түзеу колониясындағы сотталушылардың зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат расталмады.

    Еске салсақ, Елена Семенова атты азаматша өзінің Facebook-тегі парақшасында жазасын өтеушілердің түзеу мекемесі тарапынан соққы алып, жарақаттанғаны туралы жазған еді. Аталған ақпаратқа сәйкес, шұғыл түрде тексеріс жүргізілді.

    Нәтижесінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қоғамдық бақылау комиссия төрағасы мен прокуратура өкілдері Ішкі істер министрлігі КУИС-тің ИЧ 167/2 қатаң режимдегі түзету колониясында сотталушылардың зорлық зомбылық көргені туралы дәлелдер таба алмады. Қоғамдық комиссия мүшелері Райхан Хобдабергенова мен Скрябина колонияға арнайы барды. Темір тордың арғы жағындағы жағдайды өз көздерімен көріп, сотталушылармен әңгімелесті. Бас бостандығынан айрылған азаматтарды жіті тексерді. Нәтижесінде тұтқындаушыларды ұрып-соғу фактілері расталмағанын айтты, деп хабарлады құқық қорғаушы QAZWEEK.KZ ақпарат сайтына берген жеке сұхбатында.

    Бұл іске Шымкент қаласы Қылмыстық іздестіру басқармасының Қылмыстық іздестіру жүйесі, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚБК төрағасы және мүшелері араласты. Анықталғандай, колония басшылығы тарапынан сотталушыларға ешқандай азаптау фактілері болмаған. Алайда, түзеу колонисындағы сотталушылар арасында өзара жанжал болғаны жасырын емес дейді комиссия мүшелері. Тексеріс нәтижесінде 7 сотталушымен кездесу өткізілді. Темір торға тоғытылғандар комисиия мүшелеріне мекеме басшылығына ешқандай шағымдары жоқ екенін айтты. Және жетеуінің де денесінде жарақат болмағаны анықталды. Алайда кейбір тармақтарды нақтылау үшін комиссия мүшелері түзеу мекемесінің және Шымкент қаласының тергеу изоляторының қызметкерлерінің қатысуынсыз сотталғандармен жалғыз қалып, іс жүзінде қызметкерлер тарапынан заңға қайшы әрекеттер болмағанын растады. Сотталушылардың арасындағы араздастық салдарынан жәбірленушілер өз өмірлеріне қауіп төнуден қорыққан. Сондықтан, мекеме әкімшілігі оларды бөлек қауіпсіз жерге орналастырды. Сондай-ақ, тексеріс жүргізген топ ең күшті колонияны аралап, басқа тұтқындармен кездесті. Айта кетейік, шара кезінде барлық тұтқындар мен қызметкерлер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, бетперде киді. Колония бастығының және тұтқындағылардың рұқсатымен жиналыста түсірілген суреттер алынды.

    Сотталғандардың құқықтарының бұзылуы мен ұру фактілері де прокуратура тарапынан да жоққа шығарылды. Алынған ақпараттан кейін бірден бақылаушы органдардың өкілдері ИЧ 167/2-ге тексеру жүргізуге кірісті. Корреспондентпен телефон арқылы сөйлескен кезде Шымкент қалалық прокуратурасының аға прокуроры Нұрғали Шалов түсіндірмелерде барлық тұтқындар оларды ұрғаны туралы ақпаратты жоққа шығарғанын айтты.

    «Құқық қорғаушылар Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі халықаралық жұмыс стандарттарын сақтауға тырысуда»,- дейді мамандар. Ізгілендірілген заңнама, пробация қызметі енгізілді.

    Тұтқындау режимін жеңілдету мақсатында баспасөзде және қоғамда шу шығарып, азаптаулар мен ұрып-соғуды талап етіп, тұтқындаушыларды арандатушылық әрекеттерге бару фактілері соңғы кездері қазақ түрмелерінде жиі кездеседі. «Бірақ мұндай мәлімдеме әлі расталған жоқ», дейді прокуратура өкілдері.

    ҚР ІІМ Қылмыстық іздестіру департаментінің «ИЧ-167/2 мекемесінің бастығы Ескулов Мырзағали журналистер бұл ақпаратты тексермегенін және әлеуметтік желілерде «Шымкент лагерьлеріндегі тұтқындаушыларды қорқытып-үркіту» туралы айқай-шу туралы ақпаратты басқа материалдардың азаптау фотоларымен безендіргенін айтты. Енді колония әкімшілігі құқық қорғаушы Э.Семенованың көрінеу жалған айыптауы үшін ақпараттың қайнар көзін таратушыны сотқа бермекші.

    Бүгінгі таңда ИЧ 167/2 қауіпсіздік колониясында ерекше ауыр қылмыс жасаған 700-ге жуық сотталушы бар. Олар кісі өлтіру, тонау және аса ауыр қылмыстық фактілер бойынша жазасын өтеушілер. Бұл адамдарға қарсы зорлық-зомбылық жасаған және қоғам үшін шынымен қауіпті қылмыскерлер. Түрме бес жұлдызды қонақ үй емес екенін бәріміз түсінуіміз тиіс. Ал тұтқындар Жарғы мен колонияның ұстау режимін ұстануы керек.

    Ал, мемлекет бір сотталушыға жылына миллионға жуық теңге бөледі, деп түсіндірді ҚР ІІМ ҚАЕЖ баспасөз хатшысы Аглая Турланова. Бұл сомаға тамақ, дәрі-дәрмек, тұрмыстық шығындар, киім-кешек, медициналық қызмет, қызметкерлердің жалақысы, ғимаратқа қызмет көрсету, сотталғандарды тасымалдау шығындары кіреді. Салыстырмалы түрде мәлімет бере кетсек, мемлекет балалар үйіндегі бір жетімді асырауға күніне 1 156 теңге бөледі.

    Айту керек, елде төтенше жағдай енгізіліп, карантин жариялануына байланысты сотталушыларға туыстарымен кездесуге тыйым салынған.

    Мұндай шаралар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде коронавирустың таралуына байланысты қабылданды. Есесіне, жазасын өтеушілерге туыстарымен бейне кездесу және телефонмен шексіз сөйлесу мүмкіндігі берілді. Барлық қызметкерлер режим бойынша жұмыс істеуде. Медициналық бөлімдерде инфекциялық оқшаулау бөлімі коронавирустық инфекцияға күдіктенген жағдайда науқасты оқшаулау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жабдықталған. Бүгінгі таңда пенитенциарлық мекемелердегі жағдай тұрақты, коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті

    Фариза

    Асқар Мамин елорданың шеткері аймақтарында тұратын азаматтардың мәселелерін шешу барысымен танысты

    Атырауда жоғалып кеткен 1,5 жасар бала өлі күйінде табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.