17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкенттік құтқарушылар мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

    Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерде авариялыққұтқару жұмыстарынжүргізіп жатыр. Аталған ауданға 2020 жылғы 2 мамырда шыққан құтқарушылар күн сайын ауданның елдімекендеріндегі судың деңгейінемониторинг жүргізуде, жергілікті халыққа көмеккөрсету үшін су басқан ауылдарды аралауда. Осылайша, Шымкент қаласы ТЖД Жеделқұтқару жасағының құтқарушылары Жеңіс ауылында іріжәне ұсақ малдарды құтқару жұмыстарын жүргізді.200-ден астам үй орналасқан Өргебас ауылында құтқарушылар қайықта тексеру жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғындарға көмеккөрсетті. Су басқан үйлерден олар құнды заттармен құжаттарды көшіруге көмектесті. Сондай-ақ, ауылды су ағысынан қорғау үшін құтқарушылар жергілікті тұрғындармен бірлесіп, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізді. Барлығы 100 қап құм төселді. Командалық-штабтық машинасы арқылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің, Түркістан облысының және Шымкент қаласы ТЖдепартаментінің басшыларымен байланыс орнатылды. Шымкент қаласының құтқарушылары су деңгейінің мониторингін және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда, оған жеке құрамнан 17 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды. Айта кетсек, бүгін Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендерге авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Төрт білім ұйымына ашық конкурс арқылы мектеп директорлары тағайындалды

    Фариза

    Шымкент: 2021 жылы Асар-2 шағын ауданы толығымен ауыз сумен қамтылады

    Фариза

    Таразда ерлікпен қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне арналған ескерткіш ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.