-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Уақытты еріктілікке жұмсаудың тұлғалық даму үшін тигізер пайдасы зор

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Қазіргі уақытта елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы жұмыс істеп жатыр, сондай-ақ оған 50 мыңнан астам белсенді еріктілер қатысады.

    Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Көп елдерде еріктілік жұмыс қатарына қосылады, өйткені волонтер өзінің уақытын бөліп, білімін іске асыра отырып тегін жұмыс істейді. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады. Волонтерлік қызметтің аясы өте кең: әлеуметтік, спорттық, шаралық, экологиялық, медициналық және т.б. түрлері бар.

    Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық даму үшін тигізер пайдасы зор.

    Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтыруда.

    Жомарт Аяна Муратқызы
    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
    Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс магистранты

    Жетекшісі: Жанатаев Данат Жанатайұлы профессор,доцент

     

    қатысты посттар

    Басын шайқап зікір айтып отырған өрімдей қазақ балалары елді шошытты (видео)

    Фариза

    «Бұл – қателік емес, қылмыс»: Алматыда қазақ зияларылары Қытайдағы қандастарға араша сұрады

    Фариза

    Балғынбек Имашев: Елбасыға алтыннан ескерткіш қойса да артық болмас еді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.