20 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Шымкенттік еріктілер коронавируспен күресте өз үлестерін қосып, белсенділік танытуда. Бұл ретте еріктілер қала тұрғындарына 25 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 1 000 аскорбинді қышқыл дәрумендері мен антисептик таратты.Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрмысқа қажетті 500 себет азық-түлік өнімдері мен 300 отбасыға киім-кешек үлестірілген. Бірқатар қайырымдылық қорлары мен атымтай жомарт жандар тарапынан 1 тонна тауық еті мен 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. 4 отбасыға теледидар мен басқа да тұрмыстық техникалар берілді. Сонымен қатар, еріктілер жылына орай 500 волонтерды оқу курсынан өткізіп, арнайы киім үлгісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш шараны ұйымдастырушылар қауіпсіздік пен сақтық амалдарын барынша ұстауда.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Ақтөбе облысында әйелі мен енесін пышақтап қашып кеткен күдіктіге іздеу салынуда

    Фариза

    Бір топ белсенді ұсталған жастарды қолдау үшін Алматы сотының алдына жиналды

    Ақмола облысында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.