Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • АймақтарҚоғам

    Шымкентте 200 отбасына планшет таратылды

    Шымкентте #Кусто Хелп қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасына планшет таратылды. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан шифер зауыты халықаралық компаниямен бірлесіп, жақсы істің бастамашысы болды. Ұйымдастырушылар төтенше жағдайдың салдарынан қашықтықтан білім алып жатқан оқушыларға смартфонның көмегі ауадай қажет екенін ұғып осындай ұйғарым жасаған. Әлеуеті әлжуаз жанұяның балаларына жасалынған көмек қорына 8,5 миллион теңге жиналыпты. Арыстанбековтар әулеті — қайырымдылық акциясы аясында көмек алған жанұяның бірі. Отбасында алты бала бар. Оның төртеуі мектеп жасындағылар. Онлайн жүйесінде қашықтықтан білім алып жатқан оқушылар бұған дейін бір смартфонға үңіліп, үй тапсырмасын орындап жүрген-ді. Енді қосымша көмек үлкен қолдау болғанын айтып қуануда. Бастамашы топқа алғысын жаудырып, ықыласын білдіруде.Қайырымдылық акциясы аясында бұдан бөлек көпбалалы отбасы мүшелеріне, әлеуметтік тұрмысы төмен жанұя топтарына көмек көрсетілді. Тұрғылықты мекен жайына қарасты білім ұясының басшылары да тартылып, жаңа жүйеге қосылуына ықпал етті. Мың айдан да қайырлы Рамазан айындаигі істің ұйытқы болуына атсалысқан азаматтар бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр.Қайырымдылықтың қайыры бар. Өзіңде барды өзгемен бөлісу адамдық қасиеттің ұлысы. Осылайша жақсылық жасауға жаны құмар жандар жомарттығын көрсетіп, көптің алғысын алды.
    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда 1153 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды

    Фариза

    Конституция күніне орай тараздықтарға пәтер кілттері табысталды

    Дулат Ағаділдің өліміне полиция да, ҰҚК де кінәлі емес…

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.