26 C
Алматы
Пятница, 26 июля 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР АУЫЗАШАР ОРНЫНА ТҰРҒЫНДАРҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫН ҮЛЕСТІРДІ

    Қайыр еткеннің сауабы Алладан. Шымкенттік кәсіпкер ауызашар орнына 500 отбасына азық-түлік пакетін үлестірді. Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. Іскер азаматтың бастамасын қолдаған «Шымкент добряков клубы» мен жастар ресурстық орталығының «Жастар волонтерлер лигасы», журналистер мен әкімдік қызметкерлері, такси паркінің өкілдері азық-түлікті жеткізіп беру ісінде белсенділік танытты. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде көпшілік адам ауыз ашар жасайды. Мен ойлаймын, неге биыл ауызашарды осындай көмекке алмастырмасқа? Менің ойымша, бұл әлдеқайда маңызды, өйткені әлемнің барлық діндерінде көмекке мұқтаж адамдарға әрқашан көмек көрсетуге, қолдауға шақырады. Мен баршаазаматтарды бұл бастаманы қолдауға шақырамын. Бүгінде елімізде қаншама түрлі челлендждер бар. Бұл жақсылық челленджінің бастамасы болсын»,- деді Бауыржан Анарбеков. Атымтай жомарт жанның қайырымдылық челенджі талай жанға үлгі боларына сенім мол.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Үйленген соң бойдақ жігіттің өмірі қалай өзгереді?

    Тасмағамбетов президент сайлауына қатыса ма?

    Жамбылдықтар жеңіл өнеркәсіп жолында

    Пікір қалдыру

    twelve + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.