13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ

    Шымкентте жыл соңына дейін халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы іске қосылады. Қазір аталмыш нысанда өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда.
    Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы техника тартылған. Бүгінде екінші кезең бойынша жұмыстардың 43 пайызы орындалды. Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелер мен багаж жабдықтарын жеткізу бойынша келісімшарт жасалса, жеделсатылар мен эскалаторларды жеткізу бойынша келісім түзілуде. Болашақта әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған. Жауаптылардың айтуынша, терминалдың құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталмақ. Еске салсақ, бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда.

    Айту керек, «Шымкент» әуежайы шектеусіз әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдайтын халықаралық әуежай болып келеді. Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің ең басты әуе айлақтарының бірі болып саналатын әуежай аэродромы әуе кемелерінің кез-келген түрлерін шектеусіз қабылдап, тәулік бойғы тәртіпте кеден, шекара және жолаушыларға арналған қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге қауқарлы. Әуежайдың орналасқан жері оған Оңтүстік Шығыс Азиямен, Еуропа елдерімен,
    Таяу және Қиыр Шығыс елдерімен тиімді транзиттік және тікелей әуе қатынасты қамтамасыз етеді. Әуежайда Қазақстан аумағымен және шетелге жолаушы сапарларын жүйелі түрде жүзеге асыратын жергілікті және шетел әуе компаниялары сәтті жұмыс істеуде. Әуе кешенінің аумағында лайнерлердің ұрағына арналған 22 орын жабдықталған. Ұшып-қону жолағы ұлғайтылып жаңартылған. 2007 жылы әуежай «В» санатына ие болған еді. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, әуе айлағы барлық халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмек.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «Жас маман» жобасы аясында колледжге құрал-жабдықтар алынды

    Фариза

    Жамбылда тіл жанашырлары марапатталды

    Фариза

    Келешегі кемел кәсіпорын

    Пікір қалдыру

    eleven + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.