-1.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Мені қамап, ауызымды жаптырмақшы» Қамауға алынған белсенділердің арасында қандай байланыс бар?

    Елдегі болып жатқан төтенше жағдай мен карантинге қамаған індет бүгінгі күні қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар арасындағы күресті одан сайын күшейтпесе бәсеңдеткен жоқ. Себебі, биліктің кемшіл тұстарын ашық айтып, сынап тастайтын қоғам белсенділерінің жақын уақыттарда көптеп ұсталып жатқандығын байқаймыз. Олардың бірі «Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты» деген айыппен қамауға алынса, енді бірі «Төтенше жағдай режимін бұзды» деген, тіпті, «Билік өкілін қорлау» атты айыппен де ұсталып жатқандары бар. Соңғы уақыттардағы мұндай қоғам белсенділерін қамауға алу неге көбейіп кетті? Олардың арасында қандай байланыс бар? Ендеше, соңғы уақыттарда қамауға алынған, қоғамды елең еткізген белсенділердің ісіне шолу жасап шықсақ:

     

    Арман Шораев

    Президент жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораев қамауға алынған болатын. Оған қатысты ҚР ҚК 274-бабының 4-бөлімімен Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

    «Арман Шораев әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет шындыққа сай келмейтін жалған ақпарат таратқан. Ол өз әрекетімен ТЖ кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғам мен мемлекеттің заң арқылы қорғалатын мүддесіне нұқсан келтірген», — деп хабарлаған болатын Полиция департаменті.

    Арман Шораев ҚР ҚК 128-бабына сәйкес ұсталып, Қарағандыдағы уақытша ұстау орнына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Сондай-ақ, естеріңізге сала кетсек, Арман Шораевтың қарындасы Аспет Бекмұрзаев оны тіпті адвокатымен де кездестірмей отқандығын айтқан болатын.

    Ал бүгін оның адвокаты Джохар Утебеков Facebook парақшасында Арман Шораевты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғандығы туралы хабарлады.

     

    Әлнұр Ильяшев

    Биліктен реформа талап етіп, “Нұр Отан” партиясын, сондай-ақ экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты  сынап жүрген белсенді Әлнұр Ильяшевтің үстінен Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-тармағы бойынша (“Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату”) іс қозғалып, тергеу басталған. Сәуірдің 18-і күні Алматы қаласының тергеу соты белсендіні тергеу кезінде екі айға қамауға алды.

    Тергеу сотында белсендінің адвокаты Нұрлан Рахманов Ильяшевті карантинге байланысты үйқамаққа жіберуді сұрағанымен сот келіспеді. Тергеу тарабы “Ильяшевтің әрекеті мен негативті сөздері мемлекет құрылымына, қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді” деп санайды. Ильяшевтің үстінен былтыр қарашада шыққан сот шешімін орындамады, билік пен “Нұр Отан” партиясын негізсіз сынады деп іс қозғаған.

     

    Даная Қалиева

    Даная Қалиеваның үстінен де Қылмыстық кодекстің “Билік өкілін қорлау” бабы бойынша іс қозғалып, сот басталды. Бұл іске ақпан айындағы оқиға түрткі болған.

    17 сәуірде Алматы қаласы Жетісу ауданының сотында “Билік өкілін қорлады” (Қылмыстық кодекстің 378-бабы) деп айыпталған азаматтық белсенді Даная Қалиева үстінен қозғалған істің алғашқы отырысы өткен болатын.

    Оған себеп, осы жылдың  22 ақпанда Алматыда өткен митинг кезінде адамдарды күшпен алып кетіп бара жатқан құқық қорғау қызметкерлеріне сөз тигізгені себеп болған.

    Сот тәтидесінде қылмыстық кодекстің “Билік өкілін қорлау” бабында жаза ретінде 160 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 404 мың теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға я 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазасы қарастырылған. Белсенді айыппұл төлеуге қаржысының жоғын, ал қоғамдық жұмысқа келіспейтінін айтқан болатын.

     

    Ал бүгін белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында өзін бақылап жүрген адамдардың көбейгенін, сондай-ақ оны қамап тастауы мүмкін екендігін жеткізді:

    «Достар, менің ізіме түскенге ұқсайды. Соңғы бірнеше күн бойы Алель Агро қызметкерлерінің тыныштығы қашты. Кеше түнде Алель Агро басшылығын тұтқынға алды. Күні бойы банктерден құжаттарын алдыртып, үйлерінде тінту жүргізді.
    Мүмкіндігімді пайдаланып, мен ешқандай да қылмыс жасамағанымды айтқым келеді. Бір де бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім. Қазір олар Алель Агроға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғап отыр. Алель Агро айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алған емес. Менің бұл субсидиялардың үлестірілуі, не алынуына ешқандай қатысым болмаған, қазір де еш қатысым жоқ. Сондықтан, бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр. Менің үйімнің айналасында 30-40 шақты адам жүр. Шамасы комитетчиктер», — дейді ол. 

    Байқап қарағанымыздай, бұл біз білетін, қоғам танитын белсенділердің тізімі ғана. Сондай-ақ халық арасында қайтыс болып кеткен Дулат Ағаділдің де үйіне тексерістер жүргізіліп жатқандығы туралы сөз тарап жүр. Бұл, расында, саясаткерлердің пайымдауындай, шынында, қоғам белсенділерін ұстау үшін карантинді қолдануда ма? Себебі, төтенше жағдай кезінде мәселе көтеріп, билікті сынаған белсенділерді қамауға алуға мүмкіндіктері мықты болып тұр.

    Қазіргі таңда «Төтенше жағдай жүйесін бұзды», немесе жалған ақпарат таратты деп айыптайтын адамдар жетіп артылады. Оларды күнделікті жаңалықтардан да, әлеуметтік желілерден де көріп жатырмыз. Әркімнің аузына қақпақ бола алмайтының да белгілі. Дегенмен, осы орайда қанша адам жалған ақпарат таратып, неше түрлі сөздер жазып жатса да, олардың тек құқық қорғау органдарының жазалауға тиіс дегендерінің ғана үстінен қылмыстық іс қозғалатыны қалай деген сауал туындайды. Таңдап алынған белсенділердің басқа билікті сынаушылардан қандай айырмашылығы бар?

     

    қатысты посттар

    Енді шенеуніктер жалақыны жаңа ереже бойынша алады

    «Өсек таратуды доғарыңыздар. Мен сіздерге дүнген ретінде айтамын…» — Мәжіліс депутаты Қордайдағы қақтығысқа байланысты ағынан жарылды

    «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша ай сайынғы төлемдерді Ұзарту ұсынылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.