11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Соттар және Сот төрелігі” заңы Тоқаевтың реформасына бағынбайды (фото)

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жуырда жемқорлыққа қарсы заңға өзгерістер енгізілген болатын.

    Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша: енді “мемлекеттік қызметкерлер: министрлер, олардың орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары өздеріне тікелей бағынатын қызметкерлері парамен ұсталса, отставкаға кетуге арыз жазуы тиіс”, – деп хабарлаған болатын Сондай-ақ 2019 жылдың 28 қарашасында Президент аталған заңға қол қойды.

    Заңға қол қойған уақыттан бері бір айдан аса уақыт өтті. Дегенмен, пара алып ұсталған жемқорларды көрдік те, жауапқа тартылған басшыларды әлі күнге көз көрмеді. Сонда жарлық тек қол қою үшін керек пе? Бір елді басқарып отырған Президенттің жарлығы орындалусыз қалуы қалай? Тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асатын заңмен еліміздің азаматтарын қалай қорғамақпыз?

    Жуырда дәл осы келелі мәселе төңірегінде Qazweek.kz ақпарат агенттігі “Біздің елдің заңы басшыларға жүрмейді” Тоқаевтың реформасы әкімдердің алдында қауқарсыз ба?”, – атты мақала жазған болатын. Аталған мақалада жарлыққа қол қойылған күннен бергі жемқорлықпен ұсталған жоғары лауазымды тұлғалардың бірнеше тізімін жасаған болатынбыз. Олардың ішінде Түркістан облысы судьясы Әшірбек Рахымбаев та болған еді. Біздің редакция соған байланысты Тоқаевтың енгізген реформасы бойынша  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Соттарды қолдау бөлімінің бастығы Наиль Ахметзакиров неліктен жауапқа тартылмады деген сауал қойған болатынбыз.

    Осы мәселеге байланысты Қазақастан Республикасының Жоғары соты пікір білдірді.

    Қазақастан Республикасының Жоғары соты бұл реформаның судьялық жүйеге жүрмейтіндігін жеткізді. Қазақстан республикасының заңы бойынша халқыққа бөлек, ал судьяларға бөлек заң орнатылған. Сондықтан Тоқаевтың реформасы бойынша парамен ұсталған Түркістан облысы судьясы үшін ешкім жауап бермейді. Осы тұрғыда, мұндай өрескел бассыздықтар сұраусыз қалады ма деген сауал туады. Бұл жағдай Тоқаев реформасының судьялар үшін еш дәрменсіз екендігінің көрінісі.

    Аталған заң Конституцияның “Соттар және Сот төрелігі” деп аталатын 7 бөлім, 79-баптың 2 – тармағында, сондай-ақ, 83-баптың 3 – тармағында анық көрсетілген.

    Сондай-ақ заң бойынша Соттарды қаржыландыру, судьяларды оларды үймен қамтамасыз ету де республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

    Ал Астана аудан әкімі, Атырау әкім орынбасарларына байланысты бұл реформаның заңды, орындалуы тиіс екендігін Жоғары сот жеткізсе де, халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс миллиондаған қаржыны қалтасына басқан жемқорлардың жауаптылары әлі жазаға тартылған жоқ. Тіпті, жемқорлықпен ұсталған Павлодар облысының әкімінің өзін тек үй қамаққа ауыстыру амалымен ғана жазалады. Әкімдерге де, жауаптыларға үкімі өте алмаған бұл заң, судьялар алдында тіпті қауқарсыз екен.

    Осы орайда, алдыңғы мақалада қойған сауалымызды қайта қоймақпыз: Тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асатын заңмен еліміздің азаматтарын қалай қорғамақпыз?

     

    қатысты посттар

    Шұғыл ақпарат! Баланы ата-әжемен қалдыру сіздің ата-анаңыз үшін қауіпті

    Фариза

    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды

    “Халықтың көпшілігі тақыр кедей, жоқшылықтан көз ашпайды” – депутаттар дабыл қағуда

    Пікір қалдыру

    2 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.