13 сәуірден, яғни бүгіннен бастап Алматы және Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады.

Тест “Олимп” клиникалық-диагностикалық зертханасында жүргізіледі. Тестілеуден өту үшін үміткер:

  1. www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;
  2. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидкөрсеткіштері негізінде іріктейді;
  3. бекітілген тізімдер “Олимп” клиникалық-диагностикалық зертханасына жіберіледі;
  4. бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді;
  5. оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек;
  6. кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс;
  7. процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады;
  8. анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады.

Тест тапсыру үшін келесілерді білу маңызды:

  • оператордың қоңырауынсыз, өз бетімен процедуралық кабинетке келуге болмайды;
  • пациенттің температурасы тепловизормен өлшенеді;
  • дене қызуы жоғары адамнан анализ алынбайды;
  • экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды.

Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.