13.45. Коронавирус жұқтырғандар саны – 709-ға жетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі informburo.kz порталына сілтеме жасап.

  • Нұр-Сұлтан – 222;
  • Алматы – 119;
  • Қызылорда облысы – 72;
  • Қарағанды облысы – 55;
  • Жамбыл облысы – 45;
  • Ақмола облысы – 43;
  • Түркістан облысы – 33;
  • Атырау облысы – 36;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Шымкент – 20;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 10;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Маңғыстау облысы – 6;
  • Қостанай облысы – 3;
  • Батыс Қазақстан облысы – 2;
  • Павлодар облысы – 1.

Жазылғандардың жалпы саны – 53.

Көз жұмғандар – 7.

13.47 – Қызылорда облысындағы бүгін тіркелген 3 науқас – Cырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғындары. Олар коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.

13.45 – Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi: Қызылорда облысында – 3 адам, Ақмола облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам.

Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 1929 жылғы науқас көз жұмды.

13.32 – Алматы қаласында 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 53-ге жетті.

12.53 – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов “коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері осы аптаның соңына дейін үстеме ақысын алады” деп хабарлады.

12.36 – Елордада 700-ге жуық медицина қызметкерлері қонақүйлерге жатқызылып, үш мезгіл тамақ және таситын көлікпен қамтылған. Нұр-Сұлтандағы Covid-19 жұқтырған ақ халаттылар саны – 31.

12.12 – Елордада вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті. Қазірге дейін жазылып шыққан адамдар саны – 28. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.

Қазір ауруханаларда 493 науқас ем алып жатыр, оның 203-і коронавирустан емделушілер, оның ішінде 10 науқас – Ақмола облысының тұрғындары. 5 науқастың жағдайы өте ауыр, оның үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

11.29 – Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді. Оның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.

Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді.

11.24 – Жамбыл облысында 9 сәуірден бастап карантин жарияланады.

09.45 – Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адамның екеуі атыраулық болса, бірі Жылыой ауданынан. Үшеуі де бұрын коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

09.35 – Қызылорда облысында тіркелген коронавирус жұқтырған 3 адамның мән-жайы белгілі болды. Олар Сырдария ауданында анықталған. Бәрі де бұған дейін коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын.

09.20 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” мақаласы арқылы ел халқына үндеу жолдады.

“Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн” деп жазды Елбасы.

09.00 – Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi:

  • Атырау облысы – 4 адам;
  • Қызылорда облысы – 3 адам.

Қазақстан бойынша жалпы саны – 704 адам.