5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 6 айға дейін босатылады

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққаарнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті.

    Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шаралардың бірі ретінде еңбекақы төлеу қорынан 6 айға (2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін) салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеудің күшін жою көзделген.Бұл секторлар мыналарды қамтиды: қоғамдық тамақтану, сауданың жекелеген секторлары, көлік қызметтері, кеңес беру қызметтері, IT-сектор, қонақ үй бизнесі, туризм және т. б. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің түсіндіруі бойынша ШОБ-тың осы секторларының өкілдері 6 айға жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарынанбосатылады.

    Сондай-ақ, ел Президентінің зейнетақы мен жәрдемақыларды 10% мөлшерінде индекстеу туралы тапсырмасы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерге қатысты екендігіне назарыңыздыаударамыз. Демек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып реттелген БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша беру тәртібі бұрынғы қалпында қалады.

             Ең төменгі күнкөріс шамасы мен ең төмен зейнетақы мөлшері заңнамалық деңгейде қайта қарастырылған жағдайда тиісінше, ең төменгі төлем мен БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы төлем мөлшері де көбейеді.

    БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kzсайтында).

    қатысты посттар

    “Діндар-тақуалардың өзін ызбарлы бейнеге, ызақор кейіпке түсірді…” Мұхамеджан Тазабек

    Ұйғыр ауданындағы кикілжіңге байланысты “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалды

    Фариза

    Түркістанда 9-сынып оқушысы балалы болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.