16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Елімізде 20 Адам Коронавирустан Жазылып Шықты

    Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Нақты айтқанда емделіп шыққан 13 адам елордада, 7 адам Алматы қаласының тұрғындары.

    Сонымен бірге, 100-ден астам адам карантинді бұзғаны үшін ұсталды.

    Елорда уақытымен 12.45 сағат бойынша 294 адамның коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.

    Атыраудағы коронавирус жұқтырған он екі адамның жағдайы туралы баяндады

    Қазіргі таңда науқастар  өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Ал, Атырауда қазіргі таңда 12 адам емделіп жатыр. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес,   коронавирус инфекциясы  бар он екі науқастың жағдайы қалыпты.  Науқастардың көпшілігінде ауру   асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде  құрғақ жөтел бар.  Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен  қамтамасыз етілген.

    Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні  Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын.  Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында 38 мониторингтік топ жұмыс жасауда

    Фариза

    “Асылып өлген баладан, вирус шығару кімге тиімді?” Түркістан қаласының әкімдігі мәйітке таласып жатыр

    Фариза

    Құрбандық шалатын жерлерде жұрттың жаппай жиналуын болдырмау керек – Президент

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.