11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Жамбыл облысында 38 мониторингтік топ жұмыс жасауда

    Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында барлығы коронавирус инфекциясының  9630 жағдайы тіркелген десек, соңғы тәулікте аурудың 135 жаңа жағдайы анықталған.


                 Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтып берді.
                  Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, облыс қызыл аймақта. Ауруханалардың  төсек-орынмен қамтылу 63% құрады. Бүгінгі таңда 2259 науқас ауруханада ем алуда.
                    Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қалалары мен аудандарында байқалады.
                 «Ауруды жұқтырудың негізгі ықтимал орындары, ол  отбасы мүшелерінің базарларға, сауда объектілеріне баруы, қоғамдық көлікті жиі пайдалану және отбасылық іс-шаралар инфекцияның ықтимал орындары болып табылады. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында карантин кезеңінде жұмыс істейтін нысандардың санитарлық-эпидемияға қарсы режимді сақтауын бақылау үшін 38 мониторингтік топ құрылған», – деді Бағлан Қыдырбаев.
               Спикердің айтуынша, мониторингтік топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жамбыл филиалы мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіреді.
                Ағымдағы жыл басынан бері мониторингтік топ мүшелері карантиндік талаптарды бұзған 836 нысанды анықтап,  олардың басшылығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертулер берген.
                 «Тексеру материалдары мен мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиологиялық қызметке берген материалдар негізінде 835 миллион теңгеден астам сомаға 705 айыппұл салынды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 71 кәсіпкерлік объектілерінде карантиндік шараларды қасақана бұзу фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 59 миллион теңгеден асатын айыппұл салумен 262 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – Б. Қыдырбаев.
             Сондай-ақ, сот шешімімен Тараз қаласында 15 нысан өз қызметін тоқтатқан, олар – «Salvador»,  «Mfachiоn», «GQ», «Koala» кафесі, «Марко Поло» кафесі, «Tropkana» кафесі, «Disco-80-90» кафесі, «Toy duman» мейрамханасы, «Гаугартас» мейрамханасы, «Golden Hall» мейрамханасы, «Park Palace» кафесі, «Самурай» ойын клубы, «Севинч» мейрамханасы.
     
                

    қатысты посттар

    Тоқаев: Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға жәрдемақы төленеді

    Фариза

    Шымкент: 2 700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресуде

    Фариза

    Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.