7 C
Алматы
Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаев: «Қалаулым», «Қалауым сен» бағдарламалары халқымыздың менталитетіне сай келмейді, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін мәлім етті. Оның сөзінше, мемлекет басшысы аталған теле жобаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі деп хабарлайды Qazweek.kz  KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    «Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

    Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады», — деді Берік Уәли.

    Видеодан кадр/Еуразия бірінші арнасы

    қатысты посттар

    «Мықты президент, күшті парламент және есеп беретін үкімет» Тоқаев алғашқы жолдауында саяси реформалар туралы сөз қозғады

    Фариза

    Полиция Алматыда құлап жатқан адамдарға қатысты түсінік берді

    Фариза

    Тоқаев Қордайдағы қырғын үшін Жамбыл облысындағы басшыларды қызметінен босатуды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.